ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУГЕ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУ МҮМКІН?

ГАЗБЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУГЕ ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУ МҮМКІН?

ГАЗБЕН  ҚАМТАМАСЫЗ  ЕТІЛУГЕ  ҚАЛАЙ ҚОСЫЛУ МҮМКІН?
ашық дереккөзі
299

«ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша газбен қамтамасыз етудің аймақтық операторы болып табылады. Осы орайда, «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ Алматы облысының кенттеріне газ құбырларын тартуды өз қаржысы есебінен іске асыратынын айту өте қажет. Кент ішілік газ құбырлары құрылысы тұтынушылар немесе Әкімдік есебінен мердігерлік ұйымдармен салынады.

Қазіргі таңда газбен қамту нарығында ақы төлеу негізінде тұтынушыны газбен қамтамасыз ету үшін әрекет ететін құрылыс-монтаждау ұйымдарының көптеген өкілдері жұмыс жүргізуде.

Қала тұрғындарының өзекті сұрақтарының бірі – үй немесе көшені немесе пәтерді газбен қамтудың сомасы қандай? Газ құбырларын кім салып, тұрғын үйді газға қосу үдерісінің құны мен жүргізілетін жұмыстардың сапасы қалай бақыланады?

Тұтынушыларды газбен қам­тылуға қосатын мекемелер – бұн­дай әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін лицензия негізінде бәсекелестік дамыған нарықта жұмыс жүргізетін мекемелер. Жоғарыда аталған себептерге сай, бұл мекемелер өз қызметтері үшін маркетингтік саясаты мен нарықтағы хал-ахуалға байланысты баға мен тарифтерді айқындайды. Қазақстан Рес­публи­касының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына, “Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы” Заңына және 2003 жылдың 11- маусымындағы «Табиғи газды жеткізу, тасымалдау және сату ережелеріне» сай жаңадан тұрғызылған газ құбырларын газ тасымалдау жүйесіне қосу абонент (тапсырыс беруші тұлға) есебінен жүзеге асырылады.

Тұрғын үйді газбен қамтуға қосу көп еңбек пен күш –жігерді, егжей-тегжейлі есептеуді, техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті қаржыны, бақылау органдарымен мәмілелесуді және бірқатар төлемдерді жүзеге асыруды талап ететін үдеріс. Газдандыру бойынша жргізілетін жұмыстар мен тұтынушыны газ жүріп тұрған жүйеге қосудың сомасы әрбір қызмет түрінің нарықтағы бағасымен жобалық-сметалық құжатнамамен айқындалып, тұтынушы үшін газға қосылудың жалпы сомасы анықталады. Тұрғын үйді газға қосу әрбір құрылыс нысаны үшін ЖЕКЕ ДАРА анықталып, көптеген факторлардан, соның ішінде: әрекет етуші газ жүйелерінің алыстығы, газ трассасының өту шарттары мен талаптары, газбен қосу мерзімінде газдан ажыратылатын абоненттер саны және басқа да факторларға байланысты екендігін атап өту қажет.

«ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ тұрғын үйлерді газдандыру үшін тех­никалық шарттар құжатнамасын тегін береді.

Қазіргі таңда тіркелген және Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша нарықтық орта талаптарына сай газдандыру бағытында әрекет етуші көптеген мекемелер бар. Сәулет және құрылыс саласындағы, соның ішіндегі газ құбырлары және басқа да газға қатысты ғимараттар құрылысы бәсекелестік жағдайында болған­дықтан, тұрғын үй иелері құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын компанияны таңдауға құқықты.

«ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ газдан­дыруды жүзеге асыратын компанияны өте мұқият таң­дауға кеңес береді. Газ өткізуді ұйғарған тұрғын үй иелері таң­далған құрылыс-монтаждау жұ­мыс­тарын жүзеге асыратын компаниядан жобалық және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін лицензияны; құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру бойынша мердігерлік келісім-шартты, жоба және құрылыс-монтаждау жұмыстары төленген жағдайда фискалдық чекті, сонымен қатар, ұсынылатын қызмет түрлері мен материалдардың құнының есебі секілді құжаттарды талап етуі тиіс.

Осы қызмет түрі әртүрлі компа­ниялармен бәсекелестік негізінде жүзеге асырылатындықтан, «ҚазТрансГаз-Алматы» АҚ олар­дың баға саясаты мен шешім қа­был­дауына ешқандай ықпал ете алмайды.

«ҚазТрансГаз-

Алматы»

АҚ баспасөз-қызметi

Серіктес жаңалықтары