АУЫЛ ТЕЛЕВИЗИЯСЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

АУЫЛ ТЕЛЕВИЗИЯСЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН

АУЫЛ ТЕЛЕВИЗИЯСЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН
ашық дереккөзі
217

Қоғам, халық үшін телеарналардың орны бөлек. Расын айту керек, қазір Қазақстан халқының 80 пайызы жаңалықты теле­ви­зия арқылы көріп, ақпарат алады. Бірақ отандық телеарналарды көруге барлық отандастарымыздың мүмкіндігі жоқ. Қазір «сандық телевизияға көше­міз» де­­ген бастама жиі көтеріліп жүр. Осы мәселе төңірегінде осы жылдың 21 мамырында Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихаты өтті. Баспасөз мәслихатында қазір қоғамда талқыланып жатқан «Телерадиотарату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу» заң жобасы жөнінде мәселе қозғалды. Негізінен, аталған Заң жобасы қазіргі эфирлік тарату моделін өзгертіп, саланы сандық тарату жүйесіне көшіруді көздейді.

Бұл жиында Қазақстандық Ұлттық Телерадиотаратушылар Ассоциация­сы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры және «Интерньюс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі мемле­ке­тіміздің Президентіне, Премьер-министрге және Қазақстан Республикасының Парламент мәжілісі төрағасына ашық хат жазды. Ашық хатта талап етілген мәселелер төмендегідей:

– Сандық хабарға көшу жөніндегі мемлекеттік органдар мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің әрекеттерін парламенттік бақылауға алуды;

– ҚР Телерадиохабарларды тарату туралы заңға тәуелді актілерді жүйелі түрде сараптамадан өткізуді, оларды жасау мен бағалауға бизнес өкілдерін, азаматтық қоғамның қатысуын қамтамасыз ету.

«Спутниктік телехабарларға кел­сек, олар спутник арқылы таралған соң, халық­аралық заңдарға бағынады. Ал ка­бельдік телеарналарды алсақ, олар көбі­несе ірі қалаларда таралып жатыр. Ал ауылдық жердің тұрғындары әлі де болса мұндай мүмкіндікке қол жеткізе қоймады. Міне, ең алдымен осы мәселелерді шешіп алу керек. Ал қазақстандық шенеуніктер бұл мәселеге жеңіл түрде қарайды», – дейді Теларадиобағдарламаларды тарату Ассоциациясының атқарушы директоры Шолпан Жақсыбаева. Әсіресе қазіргі Заң жобасы ауылдық көрермендердің құқығын онша қорғамайтын көрінеді. Өйткені отандық телеарналардың кей­бірі еліміздің алыс өңірлеріне әлі де толық жеткен жоқ. Егер сандық жүйеге кө­шетін болсақ, тележиіліктердің барлығы не спутниктік, не кабельді жүйеге ауыс­ты­рылмақ. Бұндай жағдайда қалтасы таяз ауыл­дық көрермен телевизиясыз қалуы әбден мүмкін.

Тоғжан СЕРIКБАЕВА,

ҚазҰУ-дiң студентi

Серіктес жаңалықтары