«ДАРАБОЗДАН» ДАРА ШЫҚҚАНДАР

«ДАРАБОЗДАН» ДАРА ШЫҚҚАНДАР

«ДАРАБОЗДАН» ДАРА ШЫҚҚАНДАР
ашық дереккөзі
368

Өткен жұмада Қазақстан Жазушылар одағының әдебиетшілер үйінде өткізілген халықаралық «Дарабоз» әдеби бәйгесінің жетінші рет жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Әдебиетті сүйер қауым алдында үздік шыққандардың жасырын аты жазылған құпия конверттер ашылды. Есенқұлқажы Маманов атындағы Бас бәйгеге көрнекті ақын Сәкен Иманасов «Немере» атты девизбен, «Қасым, Қасым, Қасымдар» атты шығармасымен ие болды. Екі бірінші бәйгені «Жеткіншек» атты құпия атымен «Менің тәулігім» өлеңдер топтамасымен ақтөбелік ақын Ертай Ашықбаев пен алматылық жас қаламгер Бейбіт Сарыбай «Қаршыға» атты девизбен, «Қара торғай» хикаятымен жеңіп алды. Мұнан кейінгі екінші екі бәйге «Ақүрпек» жасырын атымен, «Өмір қандай тамаша» шығармасымен Елдос Тоқтарбай мен «Құлан сағат» девизімен, «Үркердің ізі» хикаятымен жазушы Құлтөлеу Мұқаш алды. Үш үшінші бәйге «Кім ақылды, кім зерек» атты өлеңдер топтамасымен (девиз «Жас талап») жезқазғандық Ернұр Сейдахмет, «Жан-Ай» лақап атымен «Ауылдың кішкентай археологтары» хикаятының авторы, жазушы Жаңабек Шағатай, «Көкпаршы» девизімен, «Қара бала, адам-қасқырлар және мұз сарай» хикаятының авторы Ертай Айғалиұлына тиді.

Төрт ынталандыру сыйлығы, «Көктөре» лақап атымен, «Ғажайып көл» хикаятының авторы Мәдина Омароваға, «Азамат Азаматұлы» девизі, «Қырық бірінші өтіріктің соңы» шығармасын жазған қарасайлық оқушы Мейіржан Жылқыбайға, «Ақ нәзік» лақап атымен, «Сары көжек» хикаятының авторы алматылық Баян Болатхановаға және «Кәусәр» лақап атымен «Жалғасы бар ертегі» шығармасын жазған Алматы облысынан Ибраемова Мира Сембайқызына берілді. Жүлдегерлердің ішінде 4-5 жас қаламгерлердің болуы қуантады.

«Дарабоз» халықаралық әдеби

бәйгесiнiң ұйымдастыру комиссиясы

Серіктес жаңалықтары