БIЛГЕНIМIЗДI ҮЙРЕТЕЙIК, БIЛМЕГЕНДI ҮЙРЕНЕЙIК

БIЛГЕНIМIЗДI ҮЙРЕТЕЙIК, БIЛМЕГЕНДI ҮЙРЕНЕЙIК

БIЛГЕНIМIЗДI ҮЙРЕТЕЙIК, БIЛМЕГЕНДI ҮЙРЕНЕЙIК
ашық дереккөзі
214

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті елдердегі ақпараттық даму білім берудің дәстүрлі қалыптасқан жүйесін, әдістері мен технологиясын қайта қарауды талап етуде. Бүгінгі күні техникалық және кәсіптік білім берудің сапалық жағынан жаңа мазмұнына көшу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар кәсіби құзыреттілікті дамыту арқылы кәсіптік оқу орындарын бітірушілердің әлеуметтік қорғалуы мен ішкі және халықаралық нарықта бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталуда.

Биылғы жылдың өзгерісі жоғары оқу орнына түскісі келетін колледж студенттеріне қатысты жайттар. Осыған дейін мамандықтары ЖОО-ның бағдарламасымен сай келген жағдайда колледж түлектері ЖОО-на ешбір кедергісіз қабылданатын. Ал енді олар жаппай кешенді тестілеуге қатысуға міндетті. Қазіргі уақытта тестілеу әдісі орта мектеп түлектерінің білім деңгейін бағалау құралы ретінде қолданылып келеді. Оның тиімді әдіс екені әлем елдері тәжірибесінен белгілі. Биылғы жылдан бастап ұлттық тестілеуге орта оқу орнын колледж, техникалық және кәсіптік білім беру орындарын бітірушілер қатысатын болады.

Осы орайда аталмыш кешенді тестілеудің мақсаты қандай деген сұраққа жауаптың бір нұсқасы ретінде біз Алматы қаласы, Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің директоры, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», профессор Шалабаев Сейтхали Исақұлұлынан сұрап көрген едік.

– Биылғы жылдың өзгерісі жоғары оқу орнына түскісі келетін колледж студенттеріне қатысты болып отыр. Осыған дейін колледж түлектерінің мамандықтары ЖОО-ның бағдарламасымен сәйкес келген жағдайда бітіруші ЖОО-на кедергісіз қабылданатын. Ал енді колледжді бітірушілер жаппай кешенді тестілеуге қатысуға тиісті. Бұрын соңды колледж түлектері мұндай кешенді тесттен өтпегендіктен жаңа жүйе көпшілігіне ой салып отыр. Дегенмен білімнің алмайтын қамалы жоқ. Еліміздің жарқын болашағы білімді ұрпақ еншісінде екендігін ескерсек, біз әрдайым білім сапасын жоғарылатуға талпынуымыз керек. Сапалы білім үшін еш бір жағдайдан тартынудың қажеті жоқ.

Менің ойымша, колледж түлектерін ЖОО-на түсу үшін кешенді тест тапсыруға міндеттеуді дұрыс шешім деп есептеймін. Қазір еліміздің Білім және ғылым министрлігі білім беру сапасын арттыруды басты мақсат етіп отырғаны сөзсіз. Елімізде білім және ғылым саласында бұрын соңды болып көрмеген іргелі жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы Білім және ғылым министрлігінің үстіміздегі жылдан бастап жоғары оқу орнына түсуге ниет білдірген колледж бітірушілерінің кешенді тест тапсыруы жөніндегі шешімі де білім берудің сапасын жақсарту мақсатынан туындаған іс-шара.

Әрине, біз колледж студенттерінің қобалжуын түсінеміз. Бұл орайда мен мынаны айтқым келеді. Колледж бітірушілер кешенді тест тапсырудан қорықпауы керек. Өйткені білімді жас өзінің білім деңгейінің жоғары екендігін әр уақытта да дәлелдей алады. Қазақтың «Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар» деген қанатты сөздері жастарды білімді, сауатты болуға шақыратыны сөзсіз.

«Білім инемен құдық қазғандай» демекші, білімге ден қойған жастардың еңбектері еленіп, жеткен жетістіктерінің бағалануы келешек ғылыммен айналысуға бел буған жастардың қызығушылығын оятары анық. Қазақ қазақ болғалы көп оқуға, көп білуге талпынған. Бәріне де болашақ төреші болары анық. Білгенімізді үйретейік, білмегенімізді үйренейік. Өйткені егемен елімізге білікті де, білімді жастар аса қажет. Егеменді, тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі бүгінгі жастардың қолында. Жастарымыздың саналы тәрбие алып, сапалы біліммен сусындап өсуі арқасында жас мемлекетіміздің келешек ғұмыры мәңгі жасай бермек.

Бағила БАЙКӨБЕКҚЫЗЫ,

өнертанушы

Серіктес жаңалықтары