ҚЫЗЫЛОРДАДА – ЖАҢА ЖОБАЛАР
ҚЫЗЫЛОРДАДА – ЖАҢА ЖОБАЛАР
Қазақстанның әрбiр өңiрiнде индустриялық-инновациялық бағдарламамен жаңа нысандар ашылып, көпшiлiктi жұмыспен қамтамасыз етуде. Елiмiз өркендеп, өндiрiстi мемлекетке айнала бастады. Индустриялық-инновациялық бағдарламаларды iске асыру барысынан Сыр өңiрi де қалыс қалған жоқ. Облыста iрi, болашағы зор жобалар қолға алынуда.
Мұнай саласы, уран өндірісі және құрылыс индустриясы ғана дамып қоймай, облыста күріш өсіру шаруашылығынан да алда келеді Бұрындары ЖІӨ-нің үш пайызын ғана құраған болса, бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 51 пайызға жетіп отыр.
Өткен 2011 жылында Қызылорда облысында өнеркәсіп орындары 1 трлн. теңгеден астам өнім өндіріпті. Бұл көрсеткіш облыста бұрын-соңды болмаған екен. Қызылорда облысына Болатбек Қуандықұлы әкім болып келгелі, бірқатар индустриялық-инновациялық жобалардың дүниеге келуіне себепкер болды.
Аталмыш бағдарлама негізінде инвестиция көлемі 122,4 миллиард теңгені құрайтын 27 жоба индустрияландыру картасына еніп отыр. Осының арқасында Олар құрылыс кезеңінде 2283 жұмыс орны, ал толық жұмысқа кіріскен кезде 1993 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Бүгінгі таңда аталмыш карта аясында 21 жоба толығымен жүзеге асты.
Мәселен, өткен жылы облыс үшін стратегиялық жоба болып есептелетін «Қазгермұнай» біріккен кәсіпорнының «Газды тиімді пайдалану кешенінің 2-ші кезегінің құрылысы» жобасы жүзеге асқан еді. Осы жобаның арқасында, Қызылорда қаласының тұрғындарын және өнеркәсіптік-әлеуметтік нысандарды арзандатылған газбен қамтамасыз етілді. Ал бүгінгі күні қала толығымен табиғи газбен қамтылған. Сондай-ақ, аталмыш жоба аясында 660 бас асыл тұқымды малға арналған тауарлы-сүт фермасы да өмірге келді. Сүт фермасы облыс бойынша сүт өндіру көлемін 8 пайыз ұлғайтып отыр. Демек, халықты сүт өнімдерімен қамтамасыз ету деңгейі 73 пайызға өсті деген сөз.
Бүгінде еліміздегі жүзеге асырылып жатқан қарқынды жобаның бірі – «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолы екені белгілі. Бұл жол Қызылорда облысын да қамтып отыр. Сондықтан облыс аталмыш халықаралық күрежолдың құрылысы үшін арнайы материалдарды шығарумен де айналысып келеді. Соңғы екі жыл ішінде облыста 5 қиыршық тас зауыты іске қосылды. Бес зауыттың арқасында қиыршықтас өндіру көлемі 3 есеге ұлғайды. «Алтын бала – 08» ЖШС қолға алған «Қамыс жоңқаларынан тақтайшалар жасау зауытының құрылысы» да облыстағы іргелі инновациялық жобаның бірі болып саналады.
«Зауытқа қажетті материалдарды аудан айналасындағы ауылдардан аламыз. Шамамен алғанда, әр ауылдан 30-40 мың бау қамыстан жиналады. Аталған іске 450-ге тарта отбасы жұмылып кірісіп отыр. Зауыттың айына 62000 шаршы метр тақта шығаруға мүмкіндігі жетеді. Осы арада өнімнің қалай өндірілетінін де айта кетейік. Алдымен қамыс майдаланады. Сонан соң, шаң-тозаңнан тазартылады. Әбден ұсақталып, шаңнан тазарған қамыс ұнтақтары желіммен араластырылып, қалыпқа салынады. Сосын 280 градус ыстыққа қойылып, қажетті қоспалары қосылады. Нәтижесінде әрбір 40 минут сайын 5 тақта дайын болып шығады. 1 тақтаға шамамен 35 келідей қамыс жұмсалады. Тақтаның ені 8/10 миллиметрді құрайды. Қамыстан жасалып жатқан біздің өнімге шетелдіктердің қызығушылығы аса зор. Ағаштан жасалынған плиталарға қарағанда, бұл өнім барынша берік әрі ылғалға төзімді келеді», – дейді «Алтын бала – 08» ЖШС-нің директоры Жарқын ОМАРОВ.