ЗІЛЗАЛАДАН САӘТАНУ АМАЛДАРЫ
ЗІЛЗАЛАДАН САӘТАНУ АМАЛДАРЫ
Бiз табиғи және техногендiк қауiптi қатер төндiретiн аймақта өмiр сүремiз. Бұлар – жер сiлкiнiсi, сел, лай көшкiнi. Аталғандардың iшiнде ең жойқыны жер сiлкiнiсi болып табылады. Зiлзалаға дейiн және зiлзала кезiнде қандай iс-әрекеттер жасау керек?
Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен қозғалысы.
Жер сілкінісі болған жағдайда үйде, жұмыста, театрда, көлікте және көшеде алдын ала әрекет ету жобасын құрамыз. Мұндайда отбасыңызға қандай әрекет ету керектігін айтып, оларды алғашқы медициналық көмек көрсету ережесімен таныстырыңыз. Құжатты, ақшаны, қалта шаммен және қосалқы батарейлерді қолайлы жерде ұстаңыз. Бірнеше күнге жететін ауыз су, консервіленген азықты сақтап қойғаныңыз абзал. Үйіңіздің мейлінше қауіпсіз болуын қамтамасыз етіңіз. Төсек орындарды терезеден алшақ қойып, материалдарды қауіпсіз жерде сақтаңыз. Салмағы ауыр жиһаздарды қабырғаға және еденге бекітіп, жоғарғы сөрелерді ауыр заттармен толтырыңыз. Қажет болған жағдайда электрді, газ бен суды өшіру үшін магистральді газ, су құбыры крандарын қай жерде орналастырғандығын білу керек.
Ғимараттың ауытқуын сезіп, шамдардың тербелісі мен заттардың құлағанын көрсеңіз, байбалам салмаңыз. Ғимараттан тез шығып, дереу құжаттарыңызды, ақшаңызды және бірінші кезекте қажетті болатын заттарыңызды алыңыз. Көп қабатты үйде тұрсаңыз баспалдақпен түсіңіз. Егер де көшеде болсаңыз, ғимарат маңында емес, ашық жерлерге тұрыңыз. Басқалардың дүрмегіне ермей, жұртты сабырға шақырыңыз! Ал ғимараттың ішінде қалып қойсаңыз, ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсына, бұрышқа, есік жақтауларының ортасына, үстелдің астына тығылыңыз. Ол сізді құлап жатқан заттар мен сынықтардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ тұрыңыз. Егер де сіздің балаларыңыз болса, өзіңіздің денеңізбен жауып тұрыңыз. Ал автокөлікте болсаңыз, көліктен шықпай, дүмпулердің тоқтауын күтіңіз. Басқа адамдарды құтқарып, көмек көрсетуге дайын болыңыз.
Зілзаладан кейін жарақат алғандарға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Балаларды, ауру адамдарды, қарт адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Өте қажет болмаса телефон ұстамаңыз. Радиобайланысты қосыңыз. Зілзала зардабын жою саласындағы штабтың жергілікті өкілдерінің нұсқауларына бағыныңыз. Жер сілкінісінен кейін алғашқы 2-3 сағатта өте қауіпті қайталанатын дүмпулерге дайын болыңыз. Осындай қарапайым қағидаларды сақтағанда біз өз өмірімізді сақтай аламыз.
Алатау аудандық төтенше жағдайлар
бөлімінің бас маманы