ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖҰМЫЛА ҚАТЫСТЫ
ЖҰРТШЫЛЫҚ ЖҰМЫЛА ҚАТЫСТЫ
«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы облыстық филиалының бастамасымен «Әруаққа құрмет – тiрiге мiндет» деген атпен халықтық акция ұйымдастырылды. Бұл шара облысымыздың барлық аудандарында өткiзiлiп, оған 50 мыңнан астам адам қатысты.
Шара барысында әруақтар рухына Құран бағышталып, зираттарға тазалық жұмыстары жүргізілді. Қасиетті рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылып отырған имандылық шарасы облыс орталығындағы қазақ бейітінен басталды.
Халықтық жиында партияның облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Өлмесхан Болатбеков сөз сөйледі, «Сырдария-Ақмешіт» орталық мешітінің найб-имамы Серік Бердіқожаев әруақтар рухына арнап Құран оқыды.
Бұл күнгі имандылық шарасына қала әкімдігіне қарасты елуге тарта мемлекеттік мекеме мен қоғамдық ұйымдардан 15 мыңның үстінде жамағат қатысып, тазалық жұмыстарын жүргізді.