ҚАЗАҚТЫҢ ТОЙЫ ЕКЕНІ КӨРІНІП ТҰРСА...
ҚАЗАҚТЫҢ ТОЙЫ ЕКЕНІ КӨРІНІП ТҰРСА...
Қандай жағдайда да жаңа түскен келіннің көйлегінен-ақ қазақ халқының ұлттық болмысы көзге көрініп тұрса, көрер көзге де жарасымды болар еді. Өз басым әдемі қазақи оюлармен көмкерілген жағасы тік, жабық, кең етекті, ұзын, қынама бел бүрмелі көйлектер барлық қазақ қыздарының ажарына ажар, көркіне көрік қосатынына сенемін.Қазақ халқының бүгінгі өсіп келе жатқан жаңа толқынына қарап, бұл арманымыздың да орындалатыны ақиқат. Өйткені кейінгі толқын арақ-шарапсыз той жасауды үйренді, темекі тартып, көк түтін жұту олардың көбіне жат. Адамзаттың бес парызына құрметпен қарап, ораза ұстап, ауыз бекітетін, тіпті намаз оқып, шариғат жолына түскен көптеген жастарымызды бүгінде Алланың ақ үйінен жиі көреміз. Соған тәубә дейміз. Сондықтан да еуропалық стильде болса да, сол той иесі – қазақтардың тойы, қазақтың келіні екенін сырт көзге жарқыратып тұратын сәнімізден айрылмайық дегім келеді.
Алтын үй ауылы, Панфилов ауданы