«ЗЕКЕТ» ҚОРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

«ЗЕКЕТ» ҚОРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ

«ЗЕКЕТ» ҚОРЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ
ашық дереккөзі
381

Жаңа оқу жылы да таяп қалды. Ата-аналардың тапқан-таянғанын баланың мектепке керек-жарағына жұмсайтын шағы. Алайда кейбiр әлеуметтiк жағдайы төмен отбасының баласын мектепке дайындауға келгенде бiраз тығырыққа тiрелетiнi бар. Осындай түйткiлдi жағдайларды ескере келе, Қазақстан Мұсылмандары Дiни басқармасының «Зекет» қоры сауапты iске мұрындық болды. Алматы қаласы Орталық мешiтiнде Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербiсәлiнiң қатысуымен тұрмысы төмен отбасы балаларына мектеп сөмкесi, оқу құралдары тегiн таратылды. Қамқорлық акциясы аясында қалалық әкiмшiлiк ұсынған 500 балаға тегiн көмек көрсетiлдi. Игiлiктi iс-шарада сөз алған шейх Әбсаттар қажы Дербiсәлi адамдарға көмек қолын созу – сауабы мол iс екенiн тiлге тиек етiп, батасын бердi. Аталған шараға Алматы қаласындағы мешiттердiң де атсалысқанын айтқан абзал.

«Зекет» қорының төрағасы Нұрбек Есмағанбет мұндай қайырымдылық шаралар басқа да аймақтарда жүзеге асатынын жеткiздi. Қайырымдылық акция жер-жерде жалғасатынына күмән жоқ.

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары