ЖАМБЫЛ ҚЫРҒЫЗ ЕЛIНДЕ

ЖАМБЫЛ ҚЫРҒЫЗ ЕЛIНДЕ

ЖАМБЫЛ ҚЫРҒЫЗ ЕЛIНДЕ
ашық дереккөзі
440

Қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл көршi қырғыз елiнде көп болған, осы бiр туысқан халыққа өзiнiң жүрегiнен шыққан талай тамаша жырларын арнаған.

Қырғыз ұлы, құлақ сал,

Ежелден қимас бауырым.

Жайлап жүрдiк саялап,

Iле, Шу, Нарын бауырын.

Атамыз болған бал тату,

Анамыз болған жан тату.

Келiн менен бозбала,

Ұлы менен қыз тату.

Басына басы қосылып,

Жанына жаны қосылып,

Араласқан ауылым.

Бiрер ұрттам сүт тапса,

Бөлiп iшкен қауымым.

Әлемге айғақ мен Жамбыл,

Ашық айтар ұл-қызға,

Қазақ бауыры қырғызды

– Батырым! – деп мақтаған,

Бiр қыңыр сөз айтпаған.

Ақ қалпақты ер қырғыз.

– Төрге шық! – деп сыйлаған.

Қазақ барса қырғызға:

– Кел, қазағым, кел! – деген. –

Қимас бауырым сен, – деген.

– Бала қайда?

Малға бар,

Бағлан алып кел! – деген.

Қазақ, қырғыз ежелден

Қауышқан тату ел болды.

Жүрегi бiр, жолы бiр,

Сыйласқан тату, тең болды –деп екi елдiң ажырамас бiрлiгiн, туысқандығын көркем сөздерiн төгiлдiре отырып, ерекше шабытпен дәрiптеген.

Жуырда жамбылтанушы про­фес­­сор,­ академик Нағашыбек Қапал­бе­к­ұлы бас­та­ған қазақ делегация­сы «Жамбыл және дәуiр» деген тақырыпта экспедициялық сапармен Қырғызстанға барып қайтты. Оған Қазақстанның бiр топ әдебиет, ғылым және өнер қайраткерлерi қатысты.

Қазақстанның Қырғызстандағы тө­тен­­ше және өкiлеттi елшiсi Бейбiт Исабаев делегация мүшелерiн қабыл­дап, өздерiнiң атқарып отырған жұмыс­та­рымен таныстырды. Сонымен бiрге қырғыз жұртында Жамбыл есiмi мен жырының ерекше құрметтелетiнiн нақты дәлелдермен әңгiмелеп бердi.

Қырғызстан Ғылым акаде­мия­сының Ш.Айтматов атындағы тiл және әдебиет институтында «Жамбыл және дәуiр» атты дөңгелек үстелдiң әсерлi де мазмұнды өткенiн атап өткен жөн.

Қырғызстан мемлекеттiк сыйлы­ғы­­ның лауреаты, филология ғылым­да­рының кан­дидаты, жамбылтанушы Батима Кебекова өз баяндамасында екi елдiң фольклоры мен эпостық жырларындағы кейiпкерлердiң көбi ортақ екендiгiн, көркемдiк-идеялық ұқсастықтардың мол екендiгiне нақты дәлелдер келтiре отырып сөйледi. Сүйiнбай мен Қатаған айтысының Жамбыл жырлаған нұсқасы, сондай-ақ Жамбыл жырлаған «Мұңлық-Зарлық», «Қыз-Жiбек» дастандары да Қырғыз Ғылым академиясының қолжазба қорында сақтаулы тұрғанын, Сүйiнбайдың Қатағанмен, Арыстанбекпен айтыстарының тарихын баяндады.

Ал, Қырғызстан Мемлекеттiк сыйлы­ғының лауреаты, филология ғылымдарының кандидаты Айкен Жайнақова атақты «Манас» эпосын қазақта Сүйiнбай, Жамбыл, Кенен ақындар жырлағанын әңгiмелей келiп, манастанудың бүгiнгi хал-ахуалы жөнiнде хабарлама жасады

Осы орайда жазушы, Қазақстанның еңбек сiңiрген қайраткерi Дидахмет Әшiмханұлы екi халықтың рухани байланыстарына қатысты келелi мәселелердi, бүгiнгi таңдағы кiтап басып шығару саласындағы кейбiр зәрулiктер жайында ой қозғады.

Қырғыз Ғылым академиясы Тiл және­ әдебиет институтының қолжазба қорының меңгерушiсi, мәдениетке еңбек сiңiрген қызметкерi Омар Соорынов қордағы қазақ әдебиетi мен ғылымына қатысты қолжазбалар жайлы айта келiп, Жамбыл мен Тоқтағұл жайлы қолжазба туралы кеңiнен баяндады.

Қазiр қырғыз елiнде «Қозы Көр­пеш-Баян Сұлу» дастанының-6, «Қыз Жiбек» дастанының-15 нұсқасы бар екендiгiн және олардың кейбiрiн қазақ ақындарынан жазып алғандығы жөнiнде әңгiмелегендер – филология ғылымдарының кандидаттары,­ мем­ле­кеттiк сыйлықтың лауреаты Гүлбара Оразова мен Искендер Жұмабаев, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының Жамбыл және халық ақындары бөлiмiнiң меңгерушiсi филология ғылымдарының докторы Нұрдәулет Ақыш бүгiнгi қазақ әдебиетi, жамбылтану жайлы кеңiнен әңгiмелей келiп, бүгiнгi таңда мың жылдық тарихы бар «Манас» эпосын қазақта Баянғали Әлiмжанов деген ақын жырлайтынын айтқанда, қырғыз ғалымдары ду етiп, ерекше таңғалды.

Нағашыбек Қапалбекұлы қырғыз тiлiнде шыққан «Махаббатсыз өмiр жоқ» атты кiтабын жиналғандарға сыйға тартты.

Халықаралық Жамбыл сый­лы­ғының лауреаты, әншi Тәйiп Бейсенбеков пен өнерпаз Жамали Диханұлы өз өнерлерiн көрсеттi.

Болашақта екi ғылыми инсти­тут­тың ғалым­дары бiрiге отырып «Жамбыл қырғыз елiнде» атты кiтап шығару жөнiнде келiсiм-шарт жасасты.

Экспедицияға қатысушылар Манас батырдың 1000 жылдығына ашылған ескерткiшпен және «Сыпыра» этноауылымен, басқа да қырғыз елiнiң тарихи мәдени жерлерiмен танысып, үлкен әсерге бөленiп қайтты.

Бiр сөзбен айтқанда, бұл сапар соң­ғы­ кезеңде рухани-мәдени байланыс бо­саңсып кеткен уақытта туыстас екi халық­тың арасын одан әрi жақындата тү­суге ықпал жасайтын айтулы сапар болды.

Ержан ХАМИТҚОЖАЕВ

Серіктес жаңалықтары