КӨМЕК СҰРАЙМЫЗ!

КӨМЕК СҰРАЙМЫЗ!

КӨМЕК СҰРАЙМЫЗ!
ашық дереккөзі
873

Редакциямызға қайырымды жандардан көмек сұраған оқырман хаты келiп түстi. Баласы үшiн жанын шүберекке түйген Ананың өтiнiшiн қаз-қалпында жариялап отырмыз. Қасиеттi Рамазан айында, алдағы Ораза айт мерекесi тұсында мұқтаж адамдарға көмек қолын созып, қайырлы iс бiтiруге ниеттi азаматтар табылып қалар деген үмiтiмiз де жоқ емес.

Құрметтi де, қайырымды, iзгi жүректi адамдар! Мен Сiздерден ұлым Тұрарға жәрдем берулерiңiздi өтiнемiн. Тұрар 15 жаста, оның туа бiттi жүрек сырқаты бар. Оның үстiне өкпенiң жоғары қан қысымы жүрек соғысының нашарлығынан дәрiгерлер балаға ота жасауға да тәуекел ете алмай отыр. Ол үшiн Тұрар толық сауығуы тиiс. Алайда күнделiктi қалыпты өмiр сүруi үшiн оған АҚШ-та өндiрiлетiн қымбат дәрi қажет. Оның қабылдауға тиiс екi қорабының бағасы 4 мың 800 АҚШ доллары. Ұлыма қасқалдақтың қанындай аса қажет дәрiнi сатып алуды қазiргi таңда қалтам көтерер емес. Осындай қиын шақта мен ана ретiнде iзгi жүректi барлық отандас­тарымнан, жерлестерiмнен нақтылы көмек күтемiн. Менiң ұлым Тұрарға қайырымдылық жасап, қол ұшын берсеңiздер екен! Менiң реквизитiм: КАЗКОМ, Абу Турар Максатулы, КZ 3592608015Х 6446000, РНН 582100017267, № карточка: 4405641109124341 БИК KZKOKZKX, Тел:8 775 2738558.
Алдын-ала алғыс білдіруші: Тұрардың анасы Мүбәрак Әбдіжаппарова

Серіктес жаңалықтары