БАТЫРДЫҢ АНАСЫ ДА – БАТЫР

БАТЫРДЫҢ АНАСЫ ДА – БАТЫР

БАТЫРДЫҢ АНАСЫ ДА – БАТЫР
ашық дереккөзі
691

Ол – Әлемнің үш дүркін чемпионы. Ол – Олимп шыңын екі рет бағындырған батыр ұл. Ол – зілтемірдің құлағында ойнайтын қайратты, қайсар ұл! Сондай батыр ұлды дүниеге әкелген Ана да – батыр. Ендеше, Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Илья Ильиннің анасына «Батыр-ана» атағы берілуінің өзі заңдылық!

Олимп шыңын екі рет бағындырған оғланымыз Илья Ильиннің анасы Галина Ильинаға – «Батыр-ана» атағы берілді. Қызылорда облысының әкімшілігінің деректеріне қарағанда: «Елімізге Илья Ильиндей батыр ұл сыйлаған ана, «Батыр-ана» атағына лайықты», – делінген.

«Батыр-анаға» ұлттық қамзол кигізіліп, кеудесіне құрмет белгісі тағылды. Галина Яковлевна: «Мен үшін мұндай сыйлық, яғни «Батыр-ана» атағы күтпеген жағымды жаңалық. Сегіз бала өсірген анама қарағанда мен үш ұл ғана өсірдім», – деді тебіреніп. «Барша аналарға олардың ұлдары ауырмай, қуаныш сыйлағанын қалаған болар едім», – деген Батыр-ананың тілегі де жоқ емес.

Едіге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары