ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ҚЫЗУ ТАЛҚЫЛАУ

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ҚЫЗУ ТАЛҚЫЛАУ

ҚАРАҒАНДЫДАҒЫ ҚЫЗУ ТАЛҚЫЛАУ
ашық дереккөзі
243

Еліміздің болашағын айқындайтын тағы бір тарихи құжат республикамыздың әр өңірлерінде жұртшылықтан қолдау тауып, ерекше бір еңбек серпілісін тудыруда. Халықтың әл-ауқатын арттыруды көздеген маңызды қадам – «Қазақстанның әлеуметтік Қоғамына қарай 20 қадам» идеясы тек мемлекеттің немесе бір ғана партияның жұмысы емес, бұл – бүкіл қоғамның алдында тұрған жауапты міндет екенін түсінген әр аймақ оны жүзеге асыру жайын көп болып талқылауға кірісіп те кетті.

– Бұл шын мәнінде ел болашағын айқындайтын тарихи құжат, халықтың әл-ауқатын арттыруды көздеген көрегендіктің нәтижесі. Онда мемлекет басшысы Қазақстанды дамытудың жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясына негізделген жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Бұл ретте еңбек әлеуметтік жаңғырту мен жаһандық бәсекеге қабілеттіліктің негізгі шешуші факторы ретінде қарастырылады,– деді Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов мырза, талқылауға арналған актив жиынында.

Бүгінгі күні әлеуметтік жаңғыртудың мақсаты мен мәні қоғамды жаңа индустриалдық-инновациялық экономика жағдайларындағы өмірге дайындау, ел дамуының үдемелі экономикалық дамуы мен қоғамдық құндылықтардың арасындағы тиімді теңгерімді табу, құқық пен әділдік қағидаттарына негізделген әлеуметтік қарым-қатынастарды бекіту болып табылады.

– Бүгінгі активтің міндеті де Елбасы тапсырмаларын өңірлік деңгейде жүзеге асыру бойынша іс-шараларды айқындап, жалпы Қарағанды облысының стратегиялық міндеттерді шешудегі орны мен ролін анықтау болмақ,–деп атап көрсетті аймақ басшысы.

Осыдан кейін ел Президентінің мақаласында белгіленген әлеуметтік стандарттарды жетілдіру бойынша жаңа Тұжырымдама туралы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Лилия Ким, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын жүзеге асыру туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ерденбай Әбілқасымов баяндама жасады. Сол сияқты «НұрОтан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, «Шұбаркөл көмір» АҚ президенті Төлеген Ақбаев, Қарағанды облысы кәсіподақтар федерациясының төрағасы Александра Мадиярова, облыстық мәслихаттың депутаты, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының «Қорғау» көміршілердің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Александр Поляков және Қарағанды политехникалық колледжі директорының орынбасары Светлана Балабекова ақтарыла сөз сөйледі.

Ел Президентінің тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша білдірген ұсыныс-пікірлері үшін облыс басшысы оларға алғыстарын білдіре отырып, ендігі жерде ең басты міндет – барлық күш-жігерді Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауға жұмсау керектігін тілге тиек етіп, өңірдегі қалалар мен аудан басшыларына, облыстық құрылымдардың басшыларына арнайы атап-атап тапсырмалар жүктеді.

Таңсұлу Алдабергенқызы

Серіктес жаңалықтары