ОРЫНБОРҒА РЕЙС АШЫЛДЫ

ОРЫНБОРҒА РЕЙС АШЫЛДЫ

ОРЫНБОРҒА РЕЙС АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі
202

«Эйр Астана» әуекомпаниясы 2013 жылдың 16 сәуірінен бастап Орынбор мен Астананы тікелей байланыстыратын тұрақты рейсі ашылғанын хабарлайды.

Оңтүстік Уралдың ірі қалаларының бірін Қазақстан елордасымен байланыс­тыратын жаңа рейс Embraer 190 жайлы реактивті әуелайнерімен аптасына 3 мәрте сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері орындалады, ұшу ұзақтығы 2 сағатты құрайды.

Астанадан Орынборға эконом-кластағы барып-қайту билеттің құны, барлық алымдарды қосқанда, 40 495 теңгеден, ал бизнес-класта – 147 596 тенгеден басталады

«Орынбор мен Қазақстан елордасы арасындағы тікелей әуебайланыс Ресейдегі үлкен қазақ диаспорасына және екі елдің іскерлік және ресми топтарының өкілдеріне қолайлы саяхат жасауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Астанадан тікелей рейстер санының көбеюі транзиттік трафикті үдету бойынша және Қазақстанды Еуразияның транзиттік торабы ретінде дамыту бойынша әуекомпания стратегиясының бөлшегі болып табылады. Окінішке орай, қауіпсіздік мақсатында Орал қаласымен әуебайланысты үзуге мәжбүр болдық. Осыған орай бізге клиенттерімізден олар Орынбор-Астана бағытын біздің ішкі және халықаралық маршруттарымыз бойынша өз сапарлары үшін пайдаланбақшы туралы көптеген пікірлер түсті, – деді «Эйр Астана» АҚ маркетинг және сатулар жөніндегі аға вице-президенті Ибрагим Жанлыел.

Дана БЕКТАСОВА

Серіктес жаңалықтары