ҒЫЛЫМИ-ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҒЫЛЫМИ-ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҒЫЛЫМИ-ОҚУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
ашық дереккөзі
416

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Механика-математика факультетінде НР компаниясының «НР Технология Институты» бағдарламасы аясында НР ғылыми-оқу орталығы ашылды.

Оқу орталығының ашылу салтанатына НР Hewlett-Packard вице-президенті, өсуші нарық департаментінің директоры Вольфганг Виттмер, Қазақстандағы НР-дің бас директоры Ерлан Дүйсенбин, Орталық және Шығыс Европадағы НР ғылыми-оқыту бағдарламаларының жетекшісі Игорь Белоусов, ҚазҰУ-дің бірінші проректоры М. Бүркітбаев, механика-математика факультетінің деканы Д. Ахмед-Заки, факультеттің профессорлары мен оқытушылары, студенттері қатысты.

Ғылыми-оқу орталығының негізгі мақ­са­ты НР ұсынатын бағдарламалар негізінде сту­денттер мен оқытушылардың заманауи бағ­дарламаларды меңгеріп, білімді арттыру. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы НР Технологиясы оқу-ғылыми орталығының директоры Болатжан Құмалақов орталықтың ашылу кезінде презентация жасап, барша жиналған қауымды жан-жақты орталықпен таныстырды.

Орталық НР компаниясы ұсынған соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен, бағ­дар­ламалық жасақтамамен қамтамасыз етілген. Мәліметтерді сақтау базасы, торап­тық жабдықтармен (сымсыз желілерге ар­нал­ған құралдармен), оқытушылар мен студенттерге арналған персоналды ком­пью­терлермен жабдықталған. ҚазҰУ оқытушыларымен бейімделген және оқу бағдарламасы барысында дәріс, арнайы курстар мен зертханалық және тәжірибелік сабақтарда оқыталатын болады. Орталық «Университеттік статусқа» ие және мұн­дай бағдарламалар оқытушылардың да бі­лік­тілігін арттыру мен қайта даярлауда қол­да­ны­латын болады. Студенттер, магистранттар, барлық факультеттер оқытушылары орталықта тегін оқып, өз білімдерін жетілдіріп, халықаралық дәрежедегі сертификат алуға мүмкіндіктері бар.

ҚазҰУ-дағы НР-дың Ғылыми-оқу ор­талығы – Қазақстандағы әрі ТМД елдеріндегі тұңғыш орталық болып табылады. Бұл жерде НР АТА (Accredited Technical Associate) бағдарламасы ендірілген. «НР компаниясы оқыту бағдарламаларын ұсынады, ол университет оқытушыларына бейімделген, факультеттегі лекцияларға қосымша арнайы курс түрінде және зертханалық-өндірістік жұмыстар арқылы жасалынатын болады. Сондай-ақ, бұл бағдарламалар оқытушыларды сертификаттау арқылы оқытушыларды қайта даярлау, біліктілікті арттыруда да қолданылады», – дейді өз сөзінде Қазақстан мен Қырғызстандағы НР өкілдігінің директоры Ерлан Дүйсенбин.

ҚазҰУ НР АТ бағдарламасы бойынша Орталық және Шығыс Европада елдеріндегі 30 жоғары оқу орындарының бірі атанды.

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары