ЭКОНОМИКАНЫ ДЕРБЕСТЕНДІРУ – БАСТЫ МАҚСАТ

ЭКОНОМИКАНЫ ДЕРБЕСТЕНДІРУ – БАСТЫ МАҚСАТ

ЭКОНОМИКАНЫ ДЕРБЕСТЕНДІРУ – БАСТЫ МАҚСАТ
ашық дереккөзі
212

Алтынай АЙДАРҚЫЗЫ

Экономиканы дербестендіруге бағытталған бағдарлама шикізат көздерінен түсетін кіріске деген тәуелділікті арттыруды көздейді. Жаңа жұмыс орындарын ашып, екі қолға бір күрек таппай сенделгендердің проблемасын шешуді, елдің әлеуметтік ахуалын жақсартуды мақсат етеді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қабылдауында болған Премьер-министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының 2012 жылғы қорытындылары, сондай-ақ тау-кен өндірісі саласындағы қазіргі ахуал туралы баяндап берді. Елбасы аталған құжат шеңберінде пайдалануға берілген барлық 537 нысан өз өнімдерін өндіріп, соның ішінде экспортқа шығара отырып, толық күшінде жұмыс істеуге тиіс екенін атап өтті: «Еліміздегі тау-кен металлургия саласын дамытумен айналысатын «Тау-Кен Самұрық» және геологияны жандандыруға арналған «Қазгеология» компаниялары құрылды. Бұл соңғы уақытта ешкім айналыспаған маңызды сала. Табиғи ресурстарға бай Қазақстан үшін пайдалы қазбаларды іздестіру және өндіру тау-кен металлургия саласын дамыту үшін зор мүмкіндіктер туғызады». Өз кезегінде министр аталған бағдарламаны іске асырудың арқасында 2008-2012 жылдар аралығында еліміздегі ішкі жалпы өнім 22 пайызға артқанына тоқталды: «Ең жоғары өсім өңдеуші өнеркәсіпте, тау-кен өндірісі, машина жасау, химия және фармацевтика салаларында байқалуда. Мысалы, 2013 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы өсім 21 пайызды, құрылыс материалдары саласындағы өсім 14 пайызды, жеңіл өнеркәсіп саласындағы өсім 7 пайызды құрады. Алайда әзірше өнімге әлемдік сұраныстың азаюы және бағаның төмендеуі салдарынан металлургия саласындағы өндіріс өсімінің қарқыны бәсеңдегені байқалуда». Қазақстан Президенті өсу қарқынын сақтау үшін металлургия саласын одан әрі жаңғыртуды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы кездесу барысында қаралған барлық мәселелер жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Үдемелі индустриялық-инно­вациялық даму бағдарламасының басты мақсаты – әртараптандыру мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы экономиканың орнықты және теңгерімделген өсуін қамтамасыз ету. 2015 жылға нысаналы индикаторлар: мыналар: ЖІӨ-ні кемінде 7 трлн. теңгеге, бұл 2008 жылғы ЖІӨ-нің шамамен 50 пайызға ұлғайып, нақты мәнде ЖІӨ-нің өсімі 15 пайызын құрайды; ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі кемінде 12,5 пайыздық деңгейіне дейін; экспорттың жалпы көлеміндегі шикізаттық емес экспорт үлесі кемінде 40 пайыз деңгейіне дейін; өңдеуші өнеркәсіптің жиынтық өндірісі көлемінен шикізаттық емес экспорт көлемінің үлесі кемінде 43 пайыздық деңгейіне дейін; өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі кемінде 1,5 есеге; агроөнеркәсіптік кешендегі еңбек өнімділігін ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін бір адамға шаққанда 3000 АҚШ долларынан бастап кемінде 2 есеге; мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтер мен компаниялардың тауарларды сатып алуда қазақстандық қамту үлесі – 60 пайызға дейін, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу 90 пайызға дейін; жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлесі 10 пайызға дейін ұлғаяды. Шикізаттық емес сектордың өзіндік құн құрылымындағы көлік шығындарының үлесі кемінде 8 пайыздық деңгейіне дейін; ЖІӨ қуат сыйымдылығы 2008 жылдың деңгейінен кемінде 10 пайызға төмендейді. Басымдықтар: ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі өсуінің маңызды шарты ретінде өндіріс факторларының өнімділігін арттыру; экспортқа бағытталған жаңа жоғарғы технологиялық өндірістерді жасауға басым тікелей шетел инвестицияларын тартуға екпін беру; ұлттық инновациялық жүйені дамыту мен нығайту; экономиканың шоғырландырылу деңгейін төмендету және индустрияландыру процесінде шағын және орта бизнестің рөлін күшейту; экономикалық әлеуеттің ұтымды кеңістігін ұйымдастыру. Міндеттер: әртараптандыру мен бәсекеге қабілеттілік өсуін қамтамасыз ететін экономиканың басым секторларын дамыту; экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтік тиімділігін күшейту және инвестициялық жобаларды іске асыру; индустрияландыру үшін қолайлы ортаны құру; экономикалық әлеуетті тиімді ұйымдастыру негізінде экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру; экономиканың басым секторларын дамыту процесінде мемлекет пен бизнестің өзара тиімді әрекетін қамтамасыз ету. Бағдарлама мынадай принциптерге негізделеді: бизнес-бастамаларға бағдарлану; шикізаттық емес секторда «серпінді» жобаларды және кластерлік бастамаларды қолдау; мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы тәуекелдерді оңтайлы бөлу және индустрияландыру процесінде олардың рөлдерін нақты айқындау; жаңа бизнес-мүмкіндіктерді мультипликациялау; итеративтік, Бағдарламаны іске асыру барысында қатысушылар құрамынан жобаларды пысықтау деңгейі бойынша перманентті нақтылаумен байланысты; транспаренттік – Бағдарламаға қатысушылардың, мастер-жоспарлардың мазмұнының, өтініш берушілердің сұрауларының, мемлекеттік қолдау шараларының, Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерінің ашықтық принципі; тең қолжетімділік – Бағдарлама қатысушысы отандық, сонымен қатар шетелдік компания да, ірі және орта, шағын кәсіпорындар да болуы мүмкін; бәсекелестік – тиімді жобаларды ілгерілету және экономикалық емес әдістерді пайдаланудың алдын алу негізі ретінде; трансферттік (қолданылу әсері) – нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаны жетілдіруге қатысты (бизнес-ортаны жақсарту) мемлекеттік қолдау шаралары, экономикалық қызметтің барлық субъектілеріне қолданылады. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттарына келсек, экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамытуды көздейді. Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердің жеделдетушісі болатын «дәстүрлі мамандандыру» салаларын дамыту арқылы басым шикізаттық емес секторды озыңқы дамытуға бағытталған болады. Мемлекеттің күш-жігері экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға топтастырылады: дәстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кейіннен аса жоғары қайта бөлулерге ауыстыратын атом және химия өнеркәсібі; жер қойнауын пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика; шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм; алдағы 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі.

Шикізат көздеріне байланып қалған экономиканы дербестендіру республиканың тұрақты дамуымен, соның ішінде тұрақты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және көмірсутегі төмен экономиканың, сондай-ақ инвестициялыр тарту, экологиялық проблемаларды шешу, табиғи экожүйелерге антропогендік жүктемелердің кері әсерін азайту, табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссиясын азайту, қалдықтарды кешенді қайта өң­деу мәселелерінде «жасыл» саясатты енгізу жолымен республиканың тұрақты дамуға байланысты. Экономиканы әртараптандыруды жеделдету процесінде мемлекет тиімсіз жобалардың іске асырылуына қарсы тұратын болады, сондықтан жобаларды қолдаудың негізгі өлшемдерін таңдауға ең алдымен Кеден одағының әлеуетін іске асыру мүмкіндігімен байланысты өнімділік, энергия тиімділігі және экспортқа бағдарлану жатады.

Серіктес жаңалықтары