3242
БАҚЫТТЫ АНА БАТАСЫ
БАҚЫТТЫ АНА БАТАСЫ
Ана туралы жазғандары әлемге белгiлi ұлы жазушы А.Горький: "Әлем – күннiң нұрынан, ананың ақ сүтiнен жаралған" деп текке айтпаса керек. Ал, ана жайында қазақ халқы: "Анаңды Меккеге мойныңа салып үш рет апарып дүниенi түгел айналып келсең де, оның сүтақысын өтей алмайсың" деген тәмсiп даналықты ежелден айтады.
Ата-ананы сыйлаудың ұлы үлгiсiн Мұхамед пайғамбар (с.ғ.с.) көрсетiп, мұны үмбеттерiне "өсиет-хадист" етiп кеттi. Көзiнiң тiрiсiнде әулие атанған жарықтық Димекең – Дiнмұхамед Қонаевтың анасы Зәуре апаны құрметтеуi мен сыйлауы және оған деген перзенттiк сүйiспеншiлiгiнде шек жоқ едi. Сүйген жары Зухра Шәрiпқызының аналық қасиетiн, мұсылман әйелдерiне тән инабаттылығы мен мiнсiз мiнезiн Димекең көзi жұмылғанша айтып кеттi. Сондықтан әңгiмемiз бұлақ көзi – әже-аналарын әулиедей құрметтеп, әспеттеген бiр берекелi әулет және кейуана шапағаты тиiп батасы дарыған оның ұрпақтары туралы болғалы отыр. Ұрпақтарына ақтық сөзiн айтып, батасын берiп және бата тiлегiн өз қолымен жазып қалдырған Жәннат Алла Тағаланың рахым-шапағатына бөленген жан едi. Өйткенi ана балаларының арқасында бақытты өмiр кештi. "Тату үйде тақсiрет жоқ" дегендей ана ұл-қыздарына татулықты өсиет еттi. Апа о дүниелiк боларын сезгендей "Бата алған бақытқа жетедi, балаларым тек тату болыңдар!" деп батасын бердi. Бата сөзiн қағазға түсiрiп, "Тәңiр тiлек" өсиет ретiнде оны ұл-қыздарына және келiнi Алтынайға аманаттады. Ананың бата-тiлегi, өсиет-аманаты жазылған "парақша-қағаз" қазiр әулетте құран аятындай қастерленедi, хадис сөзiндей еске алынады. Ананың балаларына, немере, шөберелерiне берiп кеткен батасы Құдайдың құдыретiне қараңыз Алла Тағаланың құлығына шалынған екен. Ана биыл қаңтарда өмiрден қайтқанда бiр жиен немересi Нұрлан сонау Америкадан қалай ұшып келгенiн өзi де бiлмей қалды. Атырау облысында өмiрге келiп, қасиеттi атамекенде көз жұмған ана қазасына үш бала, екi қыздан тараған немере мен шөбере және жиен, жиеншарлар түгелдей келдi. Өйткенi Жәннат апа: "Немерелерiм жүрегiме нұр құйған, шөберелерiм қолыма су құйған" деген жыр шумақ тәмсiлiн жиi айтып отырушы едi. Апаның өмiрi, өмiр тағылымын, отбасы және ұрпақтары саны аз қазаққа сабақ болатын "қауым ел", әйгiлi әулет және татулық пен тәрбие ұясы. "Ырыс алды — ынтымақ" аталған әулеттiң ұлттық ұстанымы. Асыл ананың ұл-қыз тәрбиесi өз алдына – келiн тәрбиесi, күйеу бала тәлiмi, тағы өнеге "мектеп – мейiрiм" едi. Бұл жерде енесi туған шешесiндей болған апаның келiнi Алтынайдың айтары көп. "Құдай қосқан құда болады" деген. Алтынайдың әкесi мен Әнуарбек ата құда болып, екi жастың тойы (Алтынай-Райымбек) сексенiншi жылдардың басында Атырауда өтедi. Құда-жегжаттық салт, жоралғысына жүгiнсек екi құда шын Құдай қосқан құда екен. Өйткенi Райымбек пен Алтынайдың тойы олардың үйленген күнiне (8 қазан) дәл келедi. 1945 жылы дәл осы күнi, осы айда шаңырақ көтерген едi. Келiн болып түскен Алтынай келген жерiне судай сiңiп, балдай батады. Алдымен ананың келiн тәрбиесi жөнiнде бiлгенi көп, түйгенi мол қасиетi және өмiр тағлымы мен өнегесi, ұрпақтарына айтып отыратын ақыл кеңесiн тәлiм-ғибраттары баурады. Алғашқы жылдары енесiмен бiрге тұру, бiрге ас дәм дайындап, қонақ күту, бала тәрбиелеу ол үшiн бақыт едi. Күйiп-пiсiп, ашуланғанды бiлмейтiн тек "Айналайын" деп сөйлейтiн ананың ақылы мен ақжарқын мiнезi Алтынайды баурап алады. Өйткенi ана отбасында бақытты едi. Соғыс жылдарында қиындық көрiп, 16 жасында еңбекке араласқан мамандығы есепшi бойжеткен шын сүйген жарын табады. Майданнан оралған жас жiгiт Әнуарбекпен пәк некесi баянды болып, ұлдары ұлық, немерелерi сүйкiмдi ана "әулие шалыс" әже атанады. Айтпақшы, әженiң өзiнен бұрын өмiрден өткен Әнуарбек атамен жас кездерiнде жазысқан хаттары бар. "Хатты мен өмiрден өткен соң оқисыңдар" деп шын және бақытты махаббат белгiсi ретiнде ұрпақтарына тағы аманттап кеткен. Ұл-қыздары әкелерi мен шешелерiнiң сүйiспеншiлiгiн ұрпақтарына жалғайтын "тәбәрiк хат" тұмар белгiнi "әженiң жылы" қарсаңында ел-жұртқа жариялауды жөн көрiп отыр. Әженiң Құдай қосқан қосағы Әнуарбек Аққұлов соғыс ардагерi, Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң депутаты, партия съездерiнiң делегаты болған, елге елеулi халыққа қалаулы, жанұяда аяулы әке әрi ақылды ата едi. Өкiнiштiсi, өмiрден ертерек кетiп қалды. Желтоқсан оқиғасынан кейiнгi дүрбелең басталған 1987 жылы өмiрден озды. Дәл пайғамбыр жасында дүние салды. Алтынай тек енесiн ғана емес атасын да әкесiндей сыйлады. Ата басына жиi барып, тағзым етiп, топырақ салу парызы. Болашақ ұрпағының қамын ойлау атаға тән айырықша қасиет едi. Және құда-жегжаттық салт пен сыйластықты өмiрден өткенше сақтап, дүние салды. Атырауда Әнуарбек Аққұлов атында көше бар. Келiн ретiнде енеге қарыздар Алтынай атаға да риза екенiн егiле еске алатын кездерi бар. Алғашқы ұл баласына аяғы ауыр кезiнде атасының арнайы келiп, өзiн Алматыдан Атырауға алып кеткен қамқорлығы әлi көз алдында тұр. Немерелерiне атты өзi қойған ардагер ата, сүйiктi әке жайында әңгiме өз алдына. "Адам мың жасамайды. Ұрпағымен мың жасайды" дейдi. Асылбек, Райымбек, Мырзабек атты үш ұлы және Лариса, Светлана есiмдi екi қыздың әке-шешесi осылардан тарап жалғасқан ұрпақ арқылы мың емес, мәңгi жасайтындарында күмән жоқ. Өйткенi толып жатқан немере, шөберенiң, жиен, жиен шарлардың есiнде ата мен әже рухы сақталып, күн сайын, жыл сайын жаңғырып жатыр. Әсiресе, аты мен заты сай, ақыл мен мiнезi бай, үлгiсi мен өнегесi ғибарат, батасы мен тiлегi ұрпақ – зәу-зәтiне рух шапағатын шашқан Гүлжанат әже қазiр кейуана атанып, ел-жұртының ерекше есiнде қалған. Ене-ана төрiн көрiп, әже-дана батасын алған Алтынай келiн де бақытты. Өйткенi ене-ананы оның ұрпақтары арқылы ардақтап, елiнде ұлықтап, туыстары арасында өнеге етiп, "ана өлген жоқ, немере, шөберелерi оның көзi, өзi" деп және бұған Құдайға құлдық деп жүрген келiнi Алтынай. Қасиеттi Мәулiт айында оның жүздiгi өтедi. Аят айтылып дұға оқылатын ас-дәмге жиналған жамағат әженiң бiз бiлмейтiн қасиеттерiн сонда айтар. Баянды бақ берсiн, Келiстi келiн берсiн, Көрiктi қыз берсiн!, – деп бала-шағалы болуды меңзеп батасын бастайтын әже-кейуананың тiлегi әулие Әлмеректiң бата-тiлегiнде Димекеңнiң мәтелiндей болмаса да өз дәуiрiне сәйкес мәндi едi. Сексеннен асқан шағында яғни, дүние саларының алдында келiнi Алтынайға соңғы сөзiн айтып, батасын берген ана ұрпақтарына шын риза едi.
Ораз ҚАУҒАБАЙ, қаламгер