АҚТАУДА АСПАЛЫ БАҚ САЛЫНБАҚ
АҚТАУДА АСПАЛЫ БАҚ САЛЫНБАҚ
Жақында Астанада халықаралық беделдi "Gulf Finance House" банкi мен PFC Energy компаниясы және "Самұрық" холдингi, "Қазына" қоры бастаған қазақстандық инвесторлар Каспий теңiзiнiң жағасынан салынатын "Ақтау – Сити" деп аталатын қалашықтың энергетикалық жобасымен таныстырды.
Шетелдiктермен бiрiккен кәсiпорын ашып, олар 20 миллион доллар, "Қазына" қоры 20 миллион доллар бөлудi жоспарлап отыр. Жобаның негiзгi құны он миллиард доллардан асады. Жоба 13 айда дайын болып, 2009 жылдың көктемiнде құрылысы басталатын болды.
Жобаның ғажайып кереметтiгi сонша, адамды қиял әлемiне жетелеп әкеттi. Бiздiң заманымыздан бұрынғы жетiншi ғасырда ежелгi өркениеттiң бесiгi Вавилон жерiнде Навуходоносор патша билiк құрған. Осы кезде Вавилон мемлекетi шарықтап, дамудың шың биiгiне жетедi. Бiр күндерi патша таулы өлкеде туып-өскен қызға үйленедi. Ханша өзi туып-өскен жерiн қатты сағынып, көңiлiн жабырқау мұң басады. Патша сүйiктiсiнiң жанына батып жүрген жағдайын сұрайды. Сонда ханша таудың салқын самалы, баурайында өскен шырша мен қарағай, қайың мен тал, тастан-тасқа секiрген таутеке, осқырына ойнап жүрген елiктер, сыңғырлап аққан бұлақтар, сайраған бұлбұлдар мен құстар есiне түсiп, туған жерiн сағынып жүргенiн жеткiзедi. Дәулетiне сәулетi сай мемлекеттiң не iстесе де өз еркiндегi құдiреттi билеушiсi: "Мен өзiмдi солтүстiктегi тауда жүргендей сезiнуiм керек. Соның амалын табыңдар!" деп бұйырды. Бұйрықты түсiнген уәзiрлерi бiрнеше қабаттан тұратын, жер мен көктiң арасындағы аспанға iлiнiп қалғандай болып көрiнетiн бақ жасады. Әрбiр қабатта әртүрлi гүлдер өсiрiлдi, ағаштар отырғызылды.
Бүгiнгi Қазақстанның аспалы бағы жөнiнде Маңғыстау облысының әкiмi Қырымбек Көшербаев: – Каспий жағасында жұмыс iстейтiн iрi мұнай компаниялары бұған мүдделi, сондықтан олар да өз үлестерiн қосады. Жоба дайын болысымен құрылысты салатындарға тендер жариялаймыз. Құрылысты өзiмiз¬дiң компаниялар салады. "Ақтау Ситиге" керектi тиiстi мамандар мен жұмысшыларды даярлайтын кәсiптiк-техникалық және жоғары оқу орындарына қаржы бөлдiк. Жоғары деңгейдегi бiлiктi мамандарды дайындау үшiн Каспий техникалық университетiн ашып отырмыз. Оған АҚШ-тың Колорода штатындағы халықаралық университетi көмегiн көрсетуге даяр, — дедi нық сенiммен.
Тоғайбай Нұрмұратұлы