БАНККЕ ӘУЕБИЛЕТТЕРГЕ ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ

БАНККЕ ӘУЕБИЛЕТТЕРГЕ ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ

БАНККЕ ӘУЕБИЛЕТТЕРГЕ ТАПСЫРЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ
ашық дереккөзі
251

Қазкоммерцбанктiң процессингтiк орталығы ұлттық әуе тасымалдаушының авиабилеттерi үшiн теңге валютасындағы барлық интернет-төлемдердi қабылдап, өңдеуден өткiзетiн болады. Бұл туралы Қазкоммерцбанк пен "Эйр Астана" екi жақты келiсiм шартқа қол қойды.

"Эйр Астана" әуекомпаниясының клиенттерi ендi үйлерiнен шықпай, тәулiктiң кез келген уақытында Интернет арқылы әуебилетке тапсырыс бере алады (Internet Booking Engine). Ол үшiн компания сайтындағы (www.airastana.com) өтiнiштi толтырып, керек бағытты таңдап, билет құнын төлем картамен өтеу қажет. Ал өтiнiш расталғаннан кейiн электрондық билеттi қағазға басып шығарып немесе әуе кассадан алуға болады.

Қазкоммерцбанк "Эйр Астана" рейстерiне билет сатып алғанда қолма-қол ақшасыз есептесетiн интернет-төлемдердi қабылдайтын процессинг орталық және клирингтiк банк болады. Билеттер халықаралық Amadeus алдын ала тапсырыс беру жүйесi арқылы сатып алынады. Ал Қазкоммерцбанк өзiнiң ePay (epay.kkb.kz) төлем серверiнiң көмегiмен Интернет арқылы кез келген эмитент-банктiң төлем картасы арқылы транзакцияларды қабылдап, өңдей алады.

Сондай-ақ, Қазкоммерцбанк — виртуалды 3-D Secure (Verified by Visa) және оған iспеттес MasterCard SecureCode ортада Visa және MasterCard халықаралық төлем карталарының қызмет көрсетуiнiң сенiмдi технологиясының көмегiмен интернет-төлемдердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жалғыз жергiлiктi банк. Билеттi сатып алушы туралы құпия ақпаратты (аты-жөнi, карта нөмiрi, картаның жарамды мерзiмi және т.б.) компанияның сайтына емес, ePay серверiне енгiзедi. Енгiзiлген мәлiметтердiң қосымша қауiпсiздiгi SSL (Secure Sockets Layer) хаттаманы пайдаланумен қамтамасыз етiледi.

"Эйр Астана" компаниясының клиеттерiне ұсынылатын бұл сервис қолма қол ақшасыз есептесетiн төлемдер сферасындағы "Қазкоммерцбанк" АҚ-ы ұсынатын толық қызмет спектрiнiң бiр бөлшегi және Visa, MasterCard, сондай-ақ American Express төлем компанияларының стандарттары бойынша қызмет көрсетедi. Ал American Express-тiң сыйлығы GOLD және The Platinum несие карталары 2007 жылдың қыркүйегiнен бастап Қазақстанда алғашқы рет Қазкоммерцбанкпен шығарылды. Қазкоммерцбанктiң аталған төлем жүйесiнiң барлық процессингтiк түрiне лицензиясы бар, яғни ePay төлем серверi арқылы жоғарыда аталып өткен төлем жүйесi карталарының барлық түрiмен төлем жүргiзiледi. Сондай-ақ, банк басқа да банктердiң дебет (электронды) карталарын қабылдайды.

Internet Booking Engine-нiң көмегiмен алдын ала тапсырыс берiп, компанияның интернет-сайтында (www.airastana.com) банктiң төлем картасымен әуебилет сатып алуға болады. Ал жақын арада компания клиентi сайтта берiлген сұлба бойынша ұшақтағы жолаушы орнын өзi таңдай алады. Сондай-ақ, рейстерге тапсырыс берумен қатар, веб-сайттың көмегiмен сапар барысында ұсынылатын ас-ауқатқа да тапсырыс бере алады. Әлемдегi 21 000 қонақүйдiң бiрiне төмен бағамен тапсырыс берiп, автокөлiктi жалға алуға да тапсырыс беруге мүмкiндiк алады.

Жадыра СЕРIКҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары