ӨТКЕН ЖЫЛ БТА-ҒА YЛКЕН ЖЕТIСТIКТЕР ӘКЕЛДI

ӨТКЕН ЖЫЛ БТА-ҒА YЛКЕН ЖЕТIСТIКТЕР ӘКЕЛДI

ӨТКЕН ЖЫЛ БТА-ҒА YЛКЕН ЖЕТIСТIКТЕР ӘКЕЛДI
ашық дереккөзі
285

Өткен аптаның бейсенбiсiнде "Қазақстан" баспаcөз клубында БТА Банкi баспасөз-мәслихатын өткiздi. Былтырғы жылы басталған әлемдiк қаржы нарығындағы дағдарыс көпке керi әсерiн тигiзгенi анық. Бұл дағдарыс республикамыздағы үлкендi-кiшiлi банктерiмiзден де айналып өтпедi. Соған қарамастан, қаржы нарығында өзiнiң даму процесiн тоқтатпаған, бұрынғысынша жалғастырып келе жатқан банктердiң көшбасында БТА Банкi тұрғаны анық.

Баспасөз-мәслихатында "БТА Банкi" АҚ-ның 2007 жылғы қорытындылары және 2008 жылға арналған жоспарлары жөнiнде басқарма төрағасы Роман Солодченко журналистерге мәлiмдеме жасады. Төрағаның пiкiрiнше, БТА 2007 жылы өз қызметiндегi барлық бағыттарды дамытуда орасан зор табысқа қол жеткiзген. Сондай-ақ, елiмiздегi, ТМД кеңiстiгiндегi және әлемдiк қаржы нарығындағы өз ұстанымын барынша нығайтыпты. Былтырғы жылы БТА Тобының шоғырындырылған активтерiнiң жылдық өсiмi 47,7 пайызды құрап, 25,5 млрд. долларға жетiптi. Ал, жиналған қаржыны банк елiмiздегi экономикалық өсiмдi ынталандыруға бағыттап, несиелендiру көлемiн ұлғайтып отыр. Сонымен қатар, осындай жетiстiктер, банктiң шет елдерден банк сатып алып, ТМД елдерiнiң банк жүйесiне өз үлгiсiн көрсетiптi. Оған Украинада, Ресейдiң төрт аймағында, Беларусьте, Грузияда, Арменияда, Қырғызстан мен Түркияда қызмет көрсететiн стратегиялық серiктес банктер желiсiнiң жұмыс iстеуi басты дәлел. Сондай-ақ, Ресейде, Украинада, Қытайда және БАӘ-де өкiлдiктерiнiң ашылуы да БТА-ның дамып келе жатқанын көрсетедi.

БТА-ның тағы бiр жеткен жетiстiктерi, өткен жылы клиенттердiң депозиттерi де жыл соңында 652,5 млрд. теңгеге ( 5,4 млрд. доллар) жеткен. Оның iшiнде:

– заңды тұлғалар депозитi бiр жыл iшiнде 21%-ға өсiп, 372,1 млрд. теңгенi (3,1 млрд. доллар) құраса,

– жеке тұлғалар депозитi 27%-ға өсiп, 280,4 млрд. теңгенi ( 2,3 млрд. доллар) құрап отыр.

Әлеуметтiк мәселелердi қолға алуда да БТА тыс қалған емес. Өткен жылы БТА елiмiздегi экономикалық өсiмнiң артуына да айрықша үлес қосты.

БТА Банкiнiң 2007 жылғы жеткен жетiстiктерi осындай болса, 2008 жылғы жасаймыз деп отырған жоспарлары да көңiлден шықты. Олар келер жылы iшкi нарыққа бұрынғыдан да басым бағыт берiп отыр. Мәселен, банктiң 2008-2009 жылдарға арналған банк дамуының басты бағыттарының бiрi – шағын және орта бизнестi қолдау. Сондай-ақ, жеке тұлғаларға да қызмет түрлерiн ұсынуды көздеп отыр. Ал, бұл жердегi жеке тұлғалар дегенiмiз, қарапайым халық өкiлдерi. Ал, қарапайым халыққа төменгi пайыздық несие қажет екендiгi бесенеден белгiлi нәрсе. Баспасөз мәслихатында мәлiм болған тағы бiр нәрсе, БТА биылғы жылы iшкi экономиканы дамытуға, яғни елiмiздiң қаржы нарығын көркейтуге де қаржы бөлудi көздеп отыр.

– 2008 жылы БТА Банкi Қазақстанның банк жүйесiндегi көшбасшылық позициясын айтарлықтай нығайтады. 2007 жылы Банк капиталының БТА пассивтерiнiң ұзақ мерзiмдi құрылымымен үйлесе 1,5 млрд. долларға артуы халықаралық төлемпаздық дағдарысына тәуелдiлiгiн азайтады, – дейдi банктiң жұмыс қорытындысына тоқталған Басқарма Төрағасы Роман Солодченко. – 2008 жылы банк халықаралық несиенiң небәрi 1,2 млрд. долларын немесе 530 миллионы 2008 жылдың наурызында төленген банк активтерiнiң 4,6 пайызын өтеуi керек. Ал халықаралық қаржы нарығындағы дағдарысқа қарамастан банктiң бұрын құрылған бөлiмшелер желiсi мен өзiне-өзi қызмет көрсететiн банкоматтар базасында бөлшек сауда мен шағын және орта бизнес клиенттерiнiң жұмысына қайта бағдар жасауы 2008 жылы операциялар ауқымын ұлғайтуымызға мүмкiндiк бередi.

Баспасөз-мәслихатында өткен жылдың қорытындылары мен келер жылдың жоспарлары сөз болып ғана қойған жоқ. Мәслихатқа қатысқан Банктiң Басқарма төрағасы Роман Солодченко, Басқарма төрағасының орынбасары Әбiләкiм Жұмахметов және Қаржы директоры Халиль Камалов журналистердiң сұрақтарына ашық жауап бердi. Журналистердi қызықтырған сауалдардың бiрi – бүгiнгi әлемдiк қаржы дағдарысы, құрылысы тоқтап қалған құрылыс компанияларының хал-ахуалы, сондай-ақ, сыртқы қарыздарды мемлекеттiң көмегiнсiз қалай өтелетiндiгi сөз болды. Банк басшыларының сөздерiне қарағанда, бүгiнгi банк саласы ешқандай тығырыққа тiрелiп тұрмаған сияқты.

Банк басшыларының журналистерге берген жауабынан ұққанымыз – тұғыры мықты БТА банкi дамудың даңғыл жолына түскен. Әрi келешекте де даму жолынан ауытқымақ емес.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары