265
СЕНIҢ КҮНIҢ, ДОНОР!
СЕНIҢ КҮНIҢ, ДОНОР!
Қазiргi кезде Қазақстанда 200 мыңға жуық донор бар. Ал бұдан 20 жыл бұрын қан тапсырушылардың саны 750 мыңнан астам болатын. Бұл мәлiметтер Қазақстанда донорлар саны үш есеге азайғандығын көрсетедi. ҚР-ның 2005 жылы маусымда қабылданған "Донорлық қан және оның құрамы" Заңы қабылданғалы берi жағдай бiршама түзелiп келедi. Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың нашарлауы, жол көлiк апаты санының артуы, сонымен қатар анемия, ВИЧ-гепатитi, лейкоз ауруларының өршiп тұрғаны баршаға мәлiм.
Әдетте, дәстүрлi донорлар ауру және зардап шеккен адамдардың туысқандары болып келедi. Бiрақ, олар бiрақ рет және арнайы бiр адамға қан тапсырады. Сол себептен де дәрiгерлер халық саулығын жақсарту iсiнде адам өмiрiн сақтап қалуға ешқандай атақ пен сый қажет етпейтiн донорларға үмiт артып отыр. "Қан тапсыру – барша сау Қазақстан азаматының мiндетi!". Мiне, осындай ұранмен "Бауыржан" қайырымдылық қоры мен "Сәби" қайырымдылық қоры 12-17 мамыр аралығында республикалық қан орталығында "Сенiң күнiң, донор!" атты акция өткiзедi. Акция мақсаты: – Донорлық мәселесiне көпшiлiк назарын аудару; – 10 000 литр қан жинау. Акция мiндеттерi: – Қан құюды қажет етушi жандарға артығымен қан жинау; – Кадрлық донорлардың санын арттыру; – Қан беру және қан құю қауiпсiздiгiн насихаттау. Донор бола алатындар Сәйкесiнше толық медициналық тексеруден өткен, қан тапсыруға рұқсаттамасы бар, өз еркiмен қан өткiзуге ниет бiлдiрген 18 бен 60 жас аралығындағы жеке тұлғалар донор бола алады.Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ