IШКI КӨШI-ҚОН РЕТТЕЛЕ МЕ?

IШКI КӨШI-ҚОН РЕТТЕЛЕ МЕ?

IШКI КӨШI-ҚОН РЕТТЕЛЕ МЕ?
ашық дереккөзі
215

Мемлекет қоғамға мойын бұрмай, толғақты мәселелердiң шешiлуi мүмкiн еместiгiн түсiндi. Оған дәлел әлеуметтiк сипаты саясиланып бара жатқан iшкi көшi-қон проблемаларынан туындап жатқан мәселелердi шешуге кiрiскендiгi. Өткен аптада Парламенттiң мәжiлiс залында республикалық "Iшкi көшi-қон: процесi, проблемалары, оларды шешудiң жолдары" атты конференция болып өттi.

Оны ұйымдастыруға мұрындық болғандар Парламент Мәжiлiсi халықаралық iстер, қорғаныс және қауiпсiздiк жөнiндегi комитетi, Мәжiлiс жанындағы отандастармен байланыс және көшi-қон мәселелерi жөнiндегi Консультативтiк кеңес және республикалық "Шаңырақ" қоғамдық бiрлестiгi. Конференцияға қолдау көрсеткендер — Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi мен Орталық Азия даму институты, "Альтернатива" өзектi зерттеулер орталығы.

Аталған шараға депутаттық корпустың, мемлекеттiк және атқарушы орган, үкiметтiк емес ұйымдар мен БАҚ өкiлдерi қатысты. Әрине, iшкi көшi-қон мәселелерiн реттеудiң қажеттiгi айтылып, дабыл қағыла бастағалы бiраз уақыт болғаны белгiлi. Бұл атақты "Шаңырақ" пен "Бақай" оқиғасынан кейiн өте өткiр сипат ала түстi. Статистика жөнiндегi агенттiктiң мәлiметтерi бойынша, жыл сайын ауылдан қалаға келетiн тұрғындардың саны 100 мыңнан асып жығылатын болған. Кейбiр ресми емес деректер бұл санды одан екi есеге көбейтiп жiбередi. 1999 жылғы санақтың нәтижесi бойынша iрi қалалардағы тұрғындардың үштен бiрi iшкi көшi-қонның барысында қоныс тепкендiгi анықталған. Тек былтырғы жылдың өзiнде Алматы қаласында iшкi көшi-қон салдарынан туындаған әлеуметтiк қақтығыстардың саны бiршама деңгейге жеткен. Айталық, 8 рет аштық, 24 рет қарсылық акциялары өткiзiлiптi. Конференцияға қатысушылардың көбi iшкi миграцияға "басқарусыз" деген сипат берiптi. Яғни, 1991 жылдан басталған iшкi көшi-қон стихиялы түрде дамып отырған. Оны реттеудiң қажеттiгiн ресми билiк ендi ғана түсiндi. Сөйтiп, биыл жыл басында "Iшкi көшi-қон туралы" Заң жобасын дайындауды қолға алған едi. Алайда, 3 айдың iшiнде дайын болуы тиiс аталмыш заң жобасы әлi күнге дейiн дайын емес. Конференцияға қатысқан Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Серiк Әбденов ол заң жобасының дайындалып жатқандығын айтып өттi.

Аталған жиынға қатысушылардың алға қойған мақсаты — бiреу ғана, қазiр ешқандай ырыққа көнбей кеткен iшкi көшi-қон мәселесiн қалай реттеу. Оны шешудiң жолдары не? Конференцияда баяндама жасаған "Шаңырақ" қоғамдық ұйымының төрағасы Асылбек Қожахметов елiмiздегi iшкi көшi-қонның жай-жапсарын егжей-тегжейлi саралай келiп оны шешудiң бiрнеше жолын ұсынды. Бiрiншiден, "Жер және тұрғын үй мәселелерi жөнiнде рахымшылық жасау туралы" Заң қабылдау керек дейдi ол. Бұл заң Алматы және басқа да iрi қала маңына өз бетiмен қоныстанғандардың жерi мен үй-мүкамалын заңдастыру iсiне мүмкiндiк беретiн болады.

Сондай-ақ, Алматы, Астана секiлдi iрi қалалардың барлығында тұрғындардың заңсыз құрылыстарына қатысты Келiсiм комиссиясын құру қажет деп есептейдi "Шаңырақ" қоғамдық ұйымының төрағасы. Комиссия жұмысы ашық әрi жариялы түрде болуы керек. Үшiншi, Азаматтық форумда бұл мәселе күн тәртiбiне қойылып, соның нәтижесiнде Астанада "Жер телiмдерiн мемлекет қажетiне қайтарып алу барысында, тұрғын үйдi бұзу кезiнде, жаңа құрылыс нысандарындағы тұрғындардың үлесiн қорғау жөнiндегi ведомствоаралық комиссия" жұмысын бастап кеткен екен. Ал, ең маңыздысы — жұмыспен қамтамасыз ету және тұрғын үй проблемасын шешу мәселесiн жеделдетiп қолға алу керек. Қазiргi мемлекеттiк тұрғын үй бағдарламасы бойынша — баспанасыздардың бар жоғы 2%-ын қамтиды екен. Ал, проблеманы шешу үшiн кемiнде Мемлекеттiк тұрғын үй бағдарламасы баспанасыздардың 30%-ын қамтуы керек. Сондай-ақ, ауылдан келiп қалаға орналаса алмай жүрген жастар бұл бағдарлама бойынша баспана кiлтiн қолдарына ала алмайды. Өйткенi, олар оның кейбiр талаптарына жауап бере алмайды. Бiрiншiден, қалада тiркеуде жоқ, екiншiден мемлекеттiк қызметке тартылмаған, үшiншiден, оны төлеп тұруға кепiл беретiн тұрақты жұмысы жоқ. Сол себептi де, бұны шешудiң басқа жолдарын ойлап тапқан дұрыс. Осыдан екi жыл бұрын қабылданған "Қазақстан Республикасының әрбiр тұрғынына баспана тұрғызу үшiн 10 сотық жердi тегiн иеленуi қажет" деген Қаулының iске асуын қадағалау керек.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары