ШЕГIРТКЕДЕН ШӨП ҚАЛАТЫН ТҮРI ЖОҚ

ШЕГIРТКЕДЕН ШӨП ҚАЛАТЫН ТҮРI ЖОҚ

ШЕГIРТКЕДЕН ШӨП ҚАЛАТЫН ТҮРI ЖОҚ
ашық дереккөзі
226

Көктемнiң соңғы айы шаруаға жайсыз тиiп отыр. Мамыр басталғалы берi басталған ыстықтың бетi қайтар емес. Әсiресе, бұл оңтүстiктегi шаруалар үшiн тiптен қиынға айналғандай. Оның үстiне, "айтпай келген қонақтың" яғни шегiрткелердiң зияны шаруаны есiнен тандырып-ақ жiбердi. Қазiр шегiрткелер онсыз да қуаңшылыққа айналған даланың шөбiне қырғидай тиюде.

Шегiртке қаптаған алқаптарды зиянкестерден тазарту мәселелерi де бүгiнгi күннiң өзектi мәселесiне айналған. Әрi бұл жәндiктер оңай алдыра қоятын жау емес сияқты. Шегiрткелер қаптаған сайын, жайылымдағы шөптiң азаюы күннен күнге белең алып барады. Қазiр қолдағы iрiлi-уақты малдарға шөп табу шаруа үшiн мұң болып отыр.

Шегiрткеден зиян шеккен аудандарда мал жайылымдарының көбi қуаңшылыққа айнала бастаған соң, бүгiнде Оңтүстiк Қазақстан облысында үй жануарларын жаппай миграциялау процесi басталып кеттi. Қазiргi таңда ұсақ және iрi малдарды Сарыағаштан көршi аудандарға көшiре бастады. Кейбiр мәлiметтерге сүйенсек, қазiр малдың басы 10 мың iрi бас, 150 мың iрi қара және 3030 жылқыны құрап отыр. Мұның iшiнде қаншасы соғымға жiберiлетiндiгi де белгiленiп алғаны жөн. Сондай-ақ, егiн алқаптарынан бөлек, жайылым көлемiнiң қанша екендiгi де анықталуы қажет.

Премьер-министр Кәрiм Мәсiмов мырза iрi қараның еттерiн сатып алуға арнайы тапсырма да бердi. Бiрақ, мұншалықты көп iрi қараның етiн мұндай ыстық күнде сақтаудың өзi қиындық тудыратыны рас. Ол үшiн арнайы үлкен тоңазытқыштар қажет. Ал, ондай тоңазытқыштарды бiрден көбейту де мүмкiн емес шаруа. Әзiрге миграциялау процесi басталды. Бiрақ, мұның соңы қалай бiтерiн уақыт көрсететiн болады.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары