ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ДАРАБОЗ" БӘЙГЕСI МӘРЕГЕ ЖЕТТI

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ДАРАБОЗ" БӘЙГЕСI МӘРЕГЕ ЖЕТТI

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ДАРАБОЗ" БӘЙГЕСI МӘРЕГЕ ЖЕТТI
ашық дереккөзі
357

"ZHERSU" Корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған халықаралық "Дарабоз" бәйгесi халықаралық балаларды қорғау күнi қарсаңында мәресiне жеттi. Бәйгеге республиканың әр түкпiрiнен, шет елдерден бас аяғы 110 хат (400-ден астам әдеби шығармалар) әдiлқазылар алқасының қоржынына түстi.

Сараптай келгенде бұл хаттардың бесеуi бәйге шартына сай келмедi. Қалған 105-i конкурсқа жiберiлiп, бәйге қорытындысы конкурс жеңiмпаздарын анықтады. Бас бәйгенi 3000 АҚШ доллары – шығарма аты "Айнабұлаққа ма? Айнабұлаққа", авторы Кәкен Қамзин жеңiп алды. Екi бiрiншi бәйгелердi -шығарма аты "Зиялыларға зиярат" (тарихи тiлашар), авторы Арасанбай Естенов пен шығармасы "Жаралы жапырақтар", автор Көсемәлi Сәттiбайұлы иемдендi. Екi екiншi бәйге иелерi: шығарма аты "Әдебиет сабағы", авторы Ескен Елубаев пен шығарма аты "Жер сағыз", авторы Дархан Бейсенбекұлы. Үшiншi үш бәйге – шығарма аты "Ұры бала", авторы Құрманғазы Қараманұлы, шығарма аты "Анасын сағынған бала", авторы Тынымбай Нұрмағанбетовке, шығарма аты "Келiн келгелi", авторы Таңдай Кенеевке бұйырды. Төрт ынталандыру сыйлығының иелерi: шығарма аты "Тiрi жетiм", авторы Қаржаубай Омарұлы, шығарма аты "Өлеңдер", авторы Ақылбек Шаяхметов, шығарма аты "Мектептiң иесi", авторы Таупық Рымжанов және шығарма аты "Еркем-ай", авторы Әлсейiт Ақпанбетұлы иемдендi.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары