ОРАЛМАН КУӘЛIГIН АЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ!

ОРАЛМАН КУӘЛIГIН АЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ!

ОРАЛМАН КУӘЛIГIН АЛУҒА АСЫҒЫҢЫЗ!
ашық дереккөзі
304

Бiз 1992 жылы Терещенко үкiметi қабылдаған №791 Қаулы жайында жиi айтып келдiк. Ол Қаулының күшi жойылып, оның орнын басатын жаңа Қаулының қабылданбай жатқанын да билiктiң есiне жиi салумен болдық. Тiптi, "Түркiстан" газетiнiң "Қоныс" қосымшасының соңғы нөмiрiндегi "Оралманның құқығын кiм ойлайды?" атты мақалада да оралманның жұмысқа орналасу мүмкiндiгiнiң шектелгендiгi туралы әңгiме еткен едiк.

Осы аптаның басында Үкiмет 30-мамырда №524 Қаулыны қабылдағандығы туралы ақпаратты таратып жiбердi. Ол Қаулы бойынша "Оралман куәлiгi" әлеуметтiк жеке код (СИК) беретiн құжаттардың қатарына енетiн болды. Яғни, құжатын азаматтыққа өткiзген кез келген оралман жұмысқа орналасуға, зейнетақысын рәсiмдеуге мүмкiндiк алып отыр.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi бойынша әлеуметтiк жеке код (ӘЖК) жұмыс берушiнiң талап ететiн негiзгi құжаттарының бiрiне айналды. Оны алу үшiн тек жеке куәлiгiн растайтын құжат қана (ҚР азаматының жеке куәлiгi немесе төлқұжаты, шетел азаматының Қазақстанда тұрақты тұруына берiлетiн ықтияр хат, азаматтығы жоқ тұлғаның куәлiгi) қажет болып келгенi белгiлi. Ендi бұл құжаттардың қатарына "оралман куәлiгi" де енгiзiлдi. Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң баспасөз қызметi таратып отыр.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары