АМЕРИКАДАҒЫ САЙЛАУ: ҚАРА НӘСIЛДI АЗАМАТ ПРЕЗИДЕНТ БОЛУЫ МҮМКIН

АМЕРИКАДАҒЫ САЙЛАУ: ҚАРА НӘСIЛДI АЗАМАТ ПРЕЗИДЕНТ БОЛУЫ МҮМКIН

АМЕРИКАДАҒЫ САЙЛАУ: ҚАРА НӘСIЛДI АЗАМАТ ПРЕЗИДЕНТ БОЛУЫ МҮМКIН
ашық дереккөзі
248

Америкада алдағы қарашада өтетiн сайлауда Демократиялық партияның атынан ұсынылған үмiткер Барака Обама жеңiске жетуi мүмкiн. Бұған дейiн, көптеген сайлаушылар мен сарапшылар демократ Хиллари Клинтонның мүмкiндiгiн жоғары бағалап келгенi белгiлi.

Алайда, Монтана штатындағы алдын ала дауыс беру нәтижесiнде Барака Обаманың 60% дауыс жинауы, бұрынғы бiрiншi ханым Х. Клинтонның оқыс қадам жасауына түрткi болған секiлдi. Монтана штатындағы сайлаушылармен кездесуде президентке үмiткер ханымның күйеуi Билл Клинтон 1 сағаттан астам уақыт демократтарды әйелiне дауыс беруге үгiттеумен болған. Ал, 7-маусымда Х. Клинтон бұдан арықарайғы президент сайлауына қатысудан бас тартқандығын айтқан. Демек, Демократиялық партиядан ұсынылған екi үмiткердiң бiрi – сайлау мәресiнен шығып қалды. Шыққан тегi африкалық Барака Обама республикалық партия атынан сайлауға қатысып жатқан Джон Маккейнге жалғыз қарсылас ретiнде алға шықты. Егер, Барака Обама жеңiске жететiн болса, Хиллари Клинтон вице-президент болады деген болжам айтушылар жеткiлiктi. Алайда, әзiрге олардың қандай келiсiмге келгенi жария болмай тұр.

Дегенмен, Хиллари Клинтонның сайлау мәресiнен шығып қалуы оны қолдаушылардың бiразын өкпелетiп тастаған тәрiздi. Мәселен, "КоммерсантЪ" газетiнiң №98 санындағы "Бывшая первая леди поступила по-джентельменски" атты мақалада осы оқиғаның басы-қасында болған журналист Х. Клинтонның фанаттары ол кездесу өткiзген Вашингтондағы National Building Museum ғимаратына таңғы сағат 7-ден бастап ағылғандығын айтады. Х. Клинтон сайлаушылар алдына 12 сағатта шығуы қажет болса, тура 40 минутқа кешiккен. Сайлаушылардың үш сағат бойы күткен үмiттерiн Х. Клинтонның "сайлау мәресiне ендi қатыспаймын" деген мәлiмдемесi күл-талқан еттi. Көбiнiң көңiлi алабұртып, сайлауға мүлдем келмейтiндiктерiн айтып та үлгерген.

Х. Клинтон өз жақтастарын Б. Обаманы қолдауға шақырғанымен, алдын-ала жүргiзiлген сауалнама нәтижесi бойынша бұрынғы бiрiншi ханымды жақтайтындардың 60%-ы Б. Обаманы қолдап дауыс беретiндiктерiн айтса, 17%-ы республикалық партия лидерi Джон Маккейндi қолдайтындықтарын бiлдiрген. Ал, 22%-ы Х. Клинтон сайлауға қатыспайтын болса, дауыс беруге келмейтiндiктерiн жеткiзген. Дегенмен, сарапшылар мұның тек алғашқы әсер екендiгiн айтады. "Бiраз, уақыттан кейiн оның барлығы ойланып-толғанып, саяси көзқарастарын бiлдiру үшiн сайлауға қатысатын болады" деседi.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары