ӘЛЕМДIК БIЛIМ КЕҢIСТIГIНЕ АШЫЛҒАН ЖОЛ

ӘЛЕМДIК БIЛIМ КЕҢIСТIГIНЕ АШЫЛҒАН ЖОЛ

ӘЛЕМДIК БIЛIМ КЕҢIСТIГIНЕ АШЫЛҒАН ЖОЛ
ашық дереккөзі
328

Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақ Ұлттық аграрлық университетiнiң базасында оқытудың кредиттiк технологиясын енгiзу мәселелерi бойынша халықаралық семинар өткiздi. Мақсат — Орта Азияда бiрыңғай ұлттық бiлiм беру кеңiстiгiн құру.

Мұнымен қоса жоғары оқу орындарының (ЖОО) рөлi, оқытудың кредиттiк технологиясында бiлiм беру қызметiн жоспарлау және ұйымдастыру көзделген. Елiмiздегi ЖОО-да оқытудың кредиттiк технологиясы алғаш 2002 жылдан бастап 46 ЖОО-на байқау тәртiбi ретiнде енгiзiлдi. Өзектi мәселеге арқау болған тақырып — "Оқытудың кредиттiк технологиясы бiлiм беру сапасын арттырудың құралы ретiнде", "Оқу жоспары мен бағдарламасы бойынша комитеттер жұмыстары: оқу жоспарларын қалыптастыру тетiктерi және қызметтерi", т.б. деп аталды. Балон декларациясы аясында еуропалық бiлiм кеңiстiгiне ену мақсатындағы Орталық Азия және Қазақстан ЖОО ректорларының кеңесiне, екi елдiң ЖОО ректорларымен ҚР университеттерiнiң меморандумына қол қою рәсiмiне арнайы қатысқан Бiлiм және ғылым министрi Ж.Түймебаевтың айтуынша, семинарға Орталық Азияның 4 ректоры, бүкiл елiмiздiң ЖОО-ның 26 ректоры келдi. "Басты мақсат — Болон конвенциясына қатысу арқылы әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне ену. Құдай қаласа, еуропалық бiлiм кеңiстiгiне жол тартсақ, бiздiң дипломымыз әлемге танылып, елiмiздiң ЖОО-да бiлiм алған жастар дүниенiң кез келген елiнде жұмыс iстей алады. Қазақстан бiлiм жүйесiндегi айтулы оқиғаның орын алуына тiкелей мұрындық болған Елбасының бұл бастамасын iлiп әкеткен Бiлiм және ғылым министлiгi арнайы жұмыстар жүргiзiп жатыр. Оның үстiне ЖОО-ның халықаралық аккредитациялық ұйымдардан өтуi және дүниежүзiнде танылған жоғары оқу жүйесi; бакалавриат, магистратура, докторантураға көшуi әлемдiк бiлiм кеңiстiгiнiң талаптарына сай жұмыс iстеуге мүмкiндiк жасайды" дейдi министр Жансейiт Түймебаев. Ректорлар бiрауыздан қол қойған жобаны заңды түрде бекiту үшiн Қазақстан мен Орта Азия елдерiнiң Бiлiм және ғылым министрлерi Бiшкекте өтетiн форумда қарастыратын болады.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары