FАЛАМТОРДЫ ЖАУЛАУ МYМКIН БЕ?

FАЛАМТОРДЫ ЖАУЛАУ МYМКIН БЕ?

FАЛАМТОРДЫ ЖАУЛАУ МYМКIН БЕ?
ашық дереккөзі
219

Маусымның 24-iнде "Интернет-Альтернатива 2008" атты халықаралық интернет конференция өткiзiлу жоспарлануда. Оның өткiзiлуiне қол созып, көмек көрсетiп отырғандар — Ақпараттандыру және байланыс жөнiндегi агенттiк, "Қазақтелеком", "Кар-Тел", "КазТрансКом", IBM компаниялары.

Ғаламтордың бүкiл әлемдiк ойлау жүйесiн аса қарқынмен әрi жылдамдықпен жаулап алуға ұмтылып келе жатқандығын мойындауымыз керек. Әуелi кейбiр пiкiрлерге құлақ түрсек, таяу жылдары қағазға басылып шығатын өнiмдер бiздiң қолданысымыздан шығып қалуы мүмкiн көрiнедi. Microsoft компаниясының бас атқарушы директоры Стив Баллмер бiр сұхбатында: "Алдағы 10 жылда БАҚ пен коммуникация түбiрiмен өзгеретiн болады. Он жылдан кейiн IP жүйе арқылы жүзеге аспайтын газет қалмайды. Қағаз күйiндегi газет те, журнал да жоғалады. Барлығы электронды түрде таралады" деген ол балалардың әлемнiң қай жүйесiнде отырса да, бiр-бiрiмен ойнауға мүмкiндiк тудырған Xbox Live жүйесiн мысалға келтiрген. "Адамдардың БАҚ арқылы қарым-қатынасы да осындай интерактивтi деңгейге көшуi тиiс" дейдi ол.

Егер, бүкiл әлем интернет жүйесiне көшiп, қағаз түрiндегi газет-журналдар жоғалатын болса, қазақ тiлiндегi өнiмдердiң хал-ахуалы тағы да мүшкiл күйге түсетiн болады. Өйткенi, күнi бүгiнге дейiн қазақ тiлiнде толыққанды интернет газет өмiрге келген жоқ. Қазiр осыдан 4-5 жыл бұрынғымен салыстырғанда, қазақ тiлiндегi интернет кеңiстiгi бiраз дамыды деуге болады. Әзiрге, қазақ мәтiндерiн бұрынғыдай еш қиындықсыз ғаламторға орнатудың мүмкiндiгi туды. Бiрнеше ақпарат агенттiгiнiң сайты және газеттердiң интернет-нұсқалары өмiрге келдi. Электронды үкiмет жасаудың алғашқы талаптары жүзеге аса бастады. Алайда, бұл мемлекеттiк тiлдегi интернет кеңiстiгiнiң дамып кеткендiгiнен хабар бермесе керек. Ең әуелi бiзде "kz" доменiн пайдаланушылар жоқтың қасы. Бiрнеше жекелеген компаниялар мен банктердiң, бизнес құрылымдардың, ақпарат құралдарының ғана өз домендерi бар. Ал, бүкiл халық болып пайдалануға арналған домен болмай отыр. Сол себептi де, бiздiң интернет пайдаланушыларымыз "ru" кеңiстiгiне көбiрек иек сүйейдi. Бүкiлхалық болып "майл-ру" жүйесiнен пошта ашуға құмар.

Демек, ақпарат саласымен айналысатын шенеунiктердiң ең басты көздегенi — "kz" доменiн дамытуға күш салу болуы керек. Содан кейiн мемлекеттiк тiлдiң ғаламторды иеленуiне баса назар аударылуы тиiс. Әлемдегi 200 мемлекеттiң қай-қайсысы да ғаламтордағы өз орнын иеленуге және төл жазуын енгiзуге мүдделi. Интернетке төл жазуыңды енгiзу үшiн Microsoft компаниясына белгiлi деңгейде қаржы төлесең болғаны, сенiң тiлiң интернетте еш қиындықсыз оқылатын болады. Әзiрге бiз мұндай қадамға бара қойған жоқпыз. Тек қазақ әлiппесiн енгiзуге жекелеген адамдар ғана күш салуда. Егер, қандай да бiр компания өз сайтын жасауға құлшынса, компанияларға немесе жекелеген мамандарға қыруар қаржы төлейдi. Электронды үкiметтiң әлi де толыққанды жүзеге аса алмай жатуына осы сияқты проблемалар кедергi болып отыр.

Демек, болашағымызды интернетпен байланыстырсақ, оның алғышарттарының әлi де өмiрге келмегендiгiнiң куәсi боламыз. Қазақстанда тұңғыш рет өткiзiлгелi отырған "Интернет Альтернатива – 2008" халықаралық конференциясының көздеген мақсаты да осы – Қазақстандағы интернет жүйесiн дамыту. Алайда, бұл конференцияда қазақтiлдi журналистердiң еркiн көсiлiп, өз ой-пiкiрiн ашық айтуына тағы жол жоқ. Өйткенi, конференция бастан аяқ орыс тiлiнде өткiзiледi. Оны ұйымдастырушылардың бұған айтар уәжi – аудармашы жоққа саяды екен. Дегенмен, бiр күнге созылатын бұл конференциядағы 8 секцияның бiрi "Қазақ тiлi – интернетте" деп аталады. Бiрiншi секция "Мемлекет және интернет". Сөйте тұра, қазақ тiлiнiң интернеттегi орнына жеке арнайы тоқталамыз. Демек, бұл қазақ тiлiнiң, мемлекеттiк тiлдiң мемлекеттен тыс екендiгiн танытса керек. Қалай десек те, әйтеуiр мемлекеттiк тiлдегi интернеттiң орнын анықтауға арнайы көңiл бөлгендiгiне қуанамыз да.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары