АСТАНАНЫҢ ТУҒАН КҮНI — МЕМЛЕКЕТТIК МЕРЕКЕ

АСТАНАНЫҢ ТУҒАН КҮНI — МЕМЛЕКЕТТIК МЕРЕКЕ

АСТАНАНЫҢ ТУҒАН КҮНI — МЕМЛЕКЕТТIК МЕРЕКЕ
ашық дереккөзі
270

"Қазақстан Республикасы мерекелер туралы" Заңға толықтыру енгiзуге қатысты заң жобасы "Астана күнi — 6 шiлде" жаңа мемлекеттiк мерекесiн белгiлеу мақсатында әзiрленген болатын.

Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес елордасы Астана қаласы мемлекеттiң саяси және әкiмшiлiк орталығы, Қазақстан Республикасы Конституциясының түпнұсқасы, мемлекеттiк туының және Елтаңбасының эталондары болып табылады. Аталған заңды сенаторлар мақұлдап, 6-шiлде күнiн Мемлекеттiк мереке ретiнде қабылдау қажет деп тапты. "ЭЙР АСТАНАНЫҢ" ОН ЖЫЛДЫҚҚА ТАРТУЫ  

"Эйр Астана" компаниясы жаңа ұшақтың тұсауын кестi. Өткен аптаның бейсенбiсiнде журналистер назарына ұсынылған ұшақ "Эйрбас А-320" Астана қаласының он жылдығына орай арнайы сатып алыныпты.

Тұсаукесер рәсiмiнде сөз алған "Эйр Астана" компаниясының президентi Питер Фостер: "бұл бiздiң Қазақстан астанасына арнайы тартуымыз" дедi. Бұл ұшақ "Астана-Ақтөбе-Астана", "Астана-Өскемен-Астана, "Астана-Алматы-Астана" бағыттары бойынша жолаушыларға қызмет ететiн болады. Компания негiзiнен алты ұшақ сатып алуды көздеген екен, оның үшеуiн осы жылы сатып алуды жоспарлап отыр. Француздық компаниямен келiсiмшартқа отырған компания бұл мәмiлеге 200 млн. доллар шығармақ.
АСТАНА ҚАСҚАҒЫМ СӘТ
 

Астананың тойы — бүкiл қазақтың тойы. Бүгiнде елорданың тойына бүкiл қазақ халқы дайындық үстiнде десек, артық айтқандық емес. Еңбектеген баладан еңкейген кәрiге дейiн қазақтың астанасын тойлауға дайын. Мiне, қасқағым сәтте өзгерiп, құлпырып сала берген жас әрi бас қаланың туған күнi қарсаңында тағы бiр мерекелiк тартудың дүниеге келгенiн айтпай кету мүмкiн емес.

Қолымызға тиiп отырған "Астана қасқағым сәт" фотоальбомы Астананың он жылдығына белгiлi фотокорреспондент Шүкiр Шахайдың арнайы тартуы. Фотоальбомның дүниеге келуiне белгiлi меценат Оралбек Ботбайдың да еңбегi сiңiптi. "Фотография уақыт тындырған iстердi көрсетедi деген пiкiр бар. Бұл пiкiр шындыққа жанасса да, дәл айтылмаған. Фотография өмiрiмiздегi өзгерiстердi айна-қатесiз түсiрiп алады. Бiрақ ондағы бейне — уақыттың емес, адамдардың қажырлы қолымен тындырылған iстер" — десек, қасқағым уақытта түр-келбетi нұрланып, өзгерiп сала берген Астананың бүгiнгi бет-бейнесiн осы кiтаптан табасыз. Iстерi көзге көрiнбесе де, елорданың келбетiнiң түрленуiне өзiндiк үлесiн қосып келе жатқан мыңдаған қарапайым адамдардың келбетi де осы кiтапта. Бұл кiтаптың ерекшелiгi сол, онда қарасөз дегенiңiз атымен жоқ, барлығы дерлiк фотосуреттермен көркемделген. Бұл фотоальбомда Астананың тарихын өз қолдарымен жасап жатқан адамдардың бейнесi бар. Бұл фотоальбомда Астананың кешегiсi, бүгiнгiсi және ертеңi бейнеленген. Бұл фотоальбомның басым бөлiгi Астананың әкесi деп атауға лайық адам — Қазақстан Республикасының президентi Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған. Альбом арқылы байырғы Ақмола мен қазiргi Астананың уақыт талқысынан кейiнгi бет-бейнелерiн салыстыру мүмкiндiгiне ие боласыздар.  
Дайындаған Гүлзина БЕКТАСОВА
 

Серіктес жаңалықтары