АҚЫН КӨДЕК БАЙШЫҒАНҰЛЫНА – 120 ЖЫЛ

АҚЫН КӨДЕК БАЙШЫҒАНҰЛЫНА – 120 ЖЫЛ

АҚЫН КӨДЕК БАЙШЫҒАНҰЛЫНА – 120 ЖЫЛ
ашық дереккөзі
1698

20 ғасырдың бас кезiнде халық басына төнген алмағайып дәуiрде сырт кеткен, тағдыры талан болған, жiгерлi, дарынды қазақ ұлдарының бiразы қиын кезеңге ұшырағаны тарихтан белгiлi. Соның бiрi – белгiлi ақын Көдек Байшығанұлы. "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы аясында ақынның өмiрi мен шығармашылығы жайында белгiлi қаламгерлер арнайы бас қосып, ақын шығармашылығы хақында терең әңгiме еттi. "Мәдени мұра" мемлекеттiк бағдарламасы ұйымдастырған "Ақын Көдек Байшығанұлының өмiрi мен шығармашылығы" атты республикалық ғылыми-теориялық конференция яки "Айтсын деп ақиқатты тiл берiлген…" деп аталатын лекция-концерт ақын мұрасына арналды.

Ақын Көдек Байшығанұлы 1888 жылы Алматы облысы қазiргi Райымбек аудананың Шалкөде жайлауында өмiрге келiп, әкесi Байшыған да, атасы Маралбай да ақындығымен, шешендiгiмен елге танылған өз заманының ерекше тұлғалары болған. Өлеңге он үш жасынан бой берген Көдек өз ортасына орақ тiлдi, от ауызды ақиқатшыл ақын ретiнде ерте танылған. Мiне, сол кезден-ақ түрлi төңкерiс пен зұлмат соғыстың куәсi болған тумысынан шыншыл Көдек ақын Кеңес өкiметi саясатының келеңсiз сипаттарын ашық сынап, кейде қарсы шыға бiлдi. Артынан қуғын түссе де, мойымай ақиқатты айтудан еш таңған емес. 1930 жылы колхоздастыру мен кәмпескелеу саясатына қарсы шыққандығы үшiн Кеңес үкiметi түртпектеуiн қоймаған соң коммунистiк қызметiн тастап, амалсыз Қытай ауып кетедi. Құрығы ұзын коммунистер Көдектiң астыртын соңына түсiп, 1937 жылы ерте көз жұмуына себепкер болады. Әдемi жыр кешiнде сөз сөйлеген Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Нұрлан Оразалин өз сөзiнде: "Көдекте бейнелеу, образды жаңа жүйе жасау жөнiнен келген кезде таза Абайдың мектебiн жалғаған, өзiнiң алдындағы ұлы жазба әдебиетiнiң жүйрiктерiнiң бiразының үлгiсiн таза өзiнiң ақпатөк ақындығымен бiр әдемi үйлестiрген ақын" – дейдi. Бүгiнде Көдек ақынның шығармаларының көбi Қытай елiнде сақталған. Тек 120 жылдығына арнап "Қайтейiн, жалған дүние…" деп аталатын алғашқы шығармалар жинағы жарық көрдi. "Сондықтан ақын шығармашылығы әлi де болса толық зерттеудi қажет етедi", – дейдi ғалымдар. Көдек шығармаларын тәуелсiз Қазақстанда тұңғыш рет сахнада орындау Рамазан Стамғазиев, Тiлеулес Құрманалиев, Серiк Әбдiрайымов, Нұржан Жанпейiсов және М.О.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының әртiстерiне бұйырды.  
Нәзира ҚАЙЫМОВА
 

Серіктес жаңалықтары