ҚАШАҒАНДЫ ИГЕРУ ТАҒЫ ДА КЕЙIНГЕ ҚАЛДЫ

ҚАШАҒАНДЫ ИГЕРУ ТАҒЫ ДА КЕЙIНГЕ ҚАЛДЫ

ҚАШАҒАНДЫ ИГЕРУ ТАҒЫ ДА КЕЙIНГЕ ҚАЛДЫ
ашық дереккөзі
447

2007 жылы, бiр жыл бойы дауға айналған Қашаған iсiне нүкте қойылған секiлдi болып едi. Бiр жыл бойы итальяндық оператор ENI компаниясымен оған қатысушы өзге компаниялармен арада келiспеушiлiк орын алған болатын. Соңы қазақстандық "ҚазМұнайГаз" компаниясының ондағы үлесiн арттырумен аяқталған едi.

Қара алтынның қара базардағы нарқы күн өткен сайын қымбаттап жатқанына орай шығар, Қашағанның мұнайын игеру мәселесi де кейiнге шегерiле бердi. Биылғы жылдың мамыр айында Энергетика және минеральды ресустар министрi Сауат Мыңбаев Аджип консорциумының акционерлерi кендi игерудi тағы екi жылға шегерудi өтiнгендерiн мәлiмдеген болатын. Олар бұл жобаны жүзеге асырудағы жұмсалатын шығынның жоғарылығын айтып шағымданған. Ұзақ тартыстан кейiн биылғы жылдың басындағы меморандумда Қашаған кен орнын игеруге 136 млрд. доллар жұмсалатын болып келiсiлген. Қашаған мұнайын 2011 жылы игеру жөнiндегi меморандумға қол қойылғаннан кейiн, шетелдiк компаниялар мен Үкiмет арасындағы текетiрес аяқталған болатын. Дегенмен, Үкiмет бұл жолы былтырғыдай қатаң талаптарға жол берген жоқ. Қашағандағы "ҚазМұнайГаздың" үлесiн 8%-дан 17%-ға көтергеннен кейiн, неге де болса көз жұмып отырған сыңайлы. Бұл жолы үн-түнсiз келiсiлдi. Егер, Қашағанды игеру iсi тағы да кейiнге шегерiлетiн болса онда Үкiметтiң оларға салатын айып-пұлы да жоғары болмақ. Кеткен шығын да Аджип консорциумының мойнына жазылады.

Сөйтiп, Қашағандағы соңғы 30 жылда табылған iрi мұнай қоры 2013 жылдың қазан айынан бастап пайдаланылатын болады. Қашағанды игерушi Аджип компаниясының құрамына итальяндық Eni, француздық Total, американдық ExxonMobil, британ-нидерландиялық Royal Dutch Shell, американдық ConocoPhillips, жапониялық Inpex және "ҚазМұнайГаз" компаниялары кiредi. Қашағанды игеру iсi әуелi 2005 жылға, содан кейiн 2008 жылға жоспарланған. Ұзақ даудан кейiн 2011 жылға созылған едi. Қашағандағы мұнай қоры 7-9 млрд. баррельге тең делiнедi.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары