ӘУЕЖАЙДА ТАМАҚ ҚЫМБАТ...

ӘУЕЖАЙДА ТАМАҚ ҚЫМБАТ...

ӘУЕЖАЙДА ТАМАҚ ҚЫМБАТ...
ашық дереккөзі
276

"Қарным ашып тұр, бiрақ сендердiң тамақтарың өте қымбат, сiрә қазақтардың қонақжайлылығы осы болар. Сендерде әжетханадан басқаның бәрi ақылы, қымбат" … дедi, бiрде әуежайда ұшуға дайындалып отырған қонақ.

Шынында бiздiң Алматыдағы әуежайда тамақ iшу үшiн адам басына орташа есеппен 5000 теңге кетедi. Себебi бiр адам шәйiн, нанын, бiрiншi, екiншi тамағымен салатын алу үшiн қыруар қаржы жұмсайды. Ол жердiң мәзiрiнде бiр кесе қара шәй – 300 теңге.Ол шәйға кететiн шығын; бiр салымдық күнделiктi өзiмiз iшiп жүрген, қара базарларда құны 5 теңге тұратын "lipton" ары кетсе 2 дана қант пен бiр кесе қайнаған су. Осыдан-ақ басқа заттардың құнын бiле беруге болады. Өзiмiз көрiп жүрген кола, фанта, спрайт сусындары – төрт жүз теңге тұрады. Спирттiк iшiмдiктердiң құны тiптi аспанға ұшып тұр. Елу грамм коньяктың бағасы 1500 ден 3500 теңгеге дейiн. Ең бастысы бiздiң әуежайда шетел және өз елiмiзде өндiрiлетiн спирттiк iшiмдiктердiң түр-түрi бар. Ал қымыз, шұбат, қымыран сияқты ұлттық сусындарды iздесең таппайсың.

Сол жерде жұмыс iстейтiн бармендер "Бiзде бәрi қымбат, оған бiздiң ешқандай қатысымыз жоқ. Мына бағамен сат десе сол бағамен сатамыз" дейдi екен. Әр күндегi пайда әр барда әр түрлi екен. Мысалы iшкi рейстердегi бөлiмде күнiне 300 мыңға жуық пайда болады. Ал халықаралық рейстермен ұшу залында кейде, әсiресе жазда пайда 1 миллионға жететiн көрiнедi.

Сырттан қарап, бақылап жүрсең бардағы тауарлардың құны бiрде түсiп, бiрде көтерiлiп кетедi. Көбiрек ұшатын жолаушылар сұраса меню ауысқан немесе қымбаттап кеттi деп сата бередi. Негiзiнен бағаны түсiретiн де көтеретiн де бармен екен. Олардың айтуынша: "Әр затқа кем дегенде жүз теңгеден қосып сатсаң, күнiне 50-60 мың теңгедей көлденең ақша жасайсың, және де қосымша спирттiк iшiмдiктердi арзан коньякты қымбатына құйып немесе сырттан алып барып сатып бiраз ақша жасауға болады" –дейдi. Бармендердiң осындай көп ақшаны бiр күнде табатыны кез келген адамды таң қалдырары анық.

Әуежайда бизнес залда көп заттар ақылы, оның үстiне келiсiмшарт жасамаған авиа компания рейстерiне қызмет көрсетпейдi.

Шетелдiктерден өзiмiз жайлы көргенсiздер, құныққандар, арсыздар деген сөздердi естiгенде кiрерге тесiк таппай, ұяттан қызарып намыстанып кетесiң.

Пiрiмбетова Гүлжанат, ҚазҰУ-дiң 1-курс студентi.

Серіктес жаңалықтары