МАЙЛЫҚОЖА ТҰЛҒАСЫ

МАЙЛЫҚОЖА ТҰЛҒАСЫ

МАЙЛЫҚОЖА ТҰЛҒАСЫ
ашық дереккөзі
932

Майлықожа Сұлтанқожаұлы Сұлу сырдың сағасында, қазiргi Отырар ауданына қарасты Қожатоғай қаракөл қой савхозында 1835 жылы туылып, 1898-жылы 33 жасқа шыққанда қазiргi Ордабасы ауданының Бадам ауылдық әкiмiне қарасты Ақбұлақ елдiмекенiнде өмiрден озған. 14 жасында әкесiнен айырылған ақын тағдыр тауқыметiн көп көрiп, терме-толғаулар шығарып айтыс өнерiне бет бұрады. Ұлдары-Асан, Жолбарыс, Исабек әке жолын қуған сөз шеберi апайтөс ақындар болып өмiрден өткен.

ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында ғұмыр кешкен қарт Қаратау атырабының ақындары арасында Мөделiқожа Жүсiпқожаұлы, Құланшақ Кемелұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы, Мұсабек Байзақұлы, Нұралы Нысанбайұлының орны ерекше. Әрине тарих таразысына көз салсақ, Тәкен Әлiмқұлов ағамыз:

– "Абайға дейiнгi ақындардың күллi қазаққа танымал алты тарланы Асан қайғы Сәбитұлы, Бұқаржырау Қалқаманұлы, Шал Құлкенұлы, Дулат Бабатайұлы, Шернияз Жарылқасұлы, Майлықожа Сұлтанқожаұлы" деп көрсетуi Майлы ақынның терiскей, Сыр бойы ақындарының апайтөс арыстаны екенiне ешкiмге күмән ұялатпайды . Бағы басқа Бахадүр бабамыздың шығармаларына топтастырсақ шығыс классиктерiне үлгi алып қалам тербеген ұлы бабамыз айтыс, терме-толғау¬лар, мысал-дастандар, арнау-жоқтаулар,өлең-сықақ, мысалдар, аңыз-хикаяттар, қарасөз ертегiлерге қалам тербеген.

Айтыс – сөз сүзбесi өнердiң төресi десек, Майлы ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз. Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның:

Майлы, Майлы дегенмен май болмадың,

Жұрттан алып жегенмен бай болмадың

– дегенiне лезде сөз тауып:

Сен Құлыншақ болғалы талай болды.

Не құлын, не жабағы тай болмадың.

Немесе Гүлханым арудың:

Кедейсiң қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне:

Бибiмiз тегiн қызды күндмейдi,

Алдың деп мұны қайдан үндемейдi.

Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер,

Дүниенiң байлығы тiлде дейдi,

– деп орнықты, ойлы жауап бердi.

Қырғыздың Асыл деген байының тойында қазақ ақындары бет қаратпаған Жанысты тарих жолымен жiпсiз байлап:

Молдалар кiтап оқып мән айтады.

Бiлмесе бекер сөздi неге айтады.

"Қыс-асыл әмбиенiң" кiтабында

Қырғыздың ата тегiн ит деп айтады – деп иттей қапқан Жаны ақынды Жолбарыстай талауы Майлының мықтылығы Бұхара – Самарқанда бiлiм алғандығының септiгi.

Қазақтың қырағы көз ақындары өз ортасының ұстазы, дайрабозы болғаны тарихтан мәлiм. Махамбетше мұңайту, Жамбылша жылату көп ақындарда кездеспейтiн құбылыс. Бәйбiшесiнiң басы таз бiр замандасы үйiне таз тоқал Майлы ақынын мысқылдап:

Аулап ұшқан қаз бедi,

Отырған жерiң саз бедi.

Көлегеннен таз әкеп –

Үйiңдегi тазың аз ба едi, – дейдi. Немесе қоқан-лоққысы шектен шыққан Қанай датқаға:

Қазақтың құсы едiң қалыңға ұшқан,

Бұғы марал шеңгелде құлжа қысқан.

Қасқыр менен түлкiге әлiң келмей

Аңдығаның болды ма қоян тышқан, – дейдi.

Бiрде Қасымбек болыстың бәйбiшесi ақынның тартпа желдiгiн қойып "Үш күн күттiк бiздi бiр мақтамадың тартпа желдiгiңмен құрып кеткiр Майлықожа" дегенiне сөз сүлейi:

Қазақтың оза шапқан майлысы едiм,

Бұл өлеңiм болмаса қай кiсi едiм,

Бес-алты ауыз өлеңдi айтып берiп,

Көңiлiн қош қылайын бәйбiшенiң

Жоғалмаса құрысын тартпа желдiк

Бұрын қай ер-тоқымы сай кiсi едiм, – деп елдi риза етiптi. Тiптi, Ташкент қаласында Қошық датқаға тiл тигiзген маскүнемдi:

– Боза iшiп бiр мiрiге судай тастың,

Суға кеп сүңгiткенде көзiңдi аштың.

Байғұс-ау жылан емес кесiртке емес

Құйрығын айдаһардың қайдан бастың, – деп әлгi сорлыны судан босатып бостандық әперуi иә, бостандық демекшi соқыр саясаттың семсерi сынбай орыс жаулаушылары Әулиеата, Сайрам, Шымкент, Түркiстан, Ташкент, Ақбұлақтың ажарлы аймақтарына қоныс теуiп момын елдiң салт-дәстүрiне қақпан құра бастағанын көзiмен көрген Майлы ақын Кенесарыдай күйзелiп, Наурызбайдай намыстанып:

Масаттың басы күрең сай,

Жайнаушы едi кiлемше-ай

Гүлдер өскен сол жайды,

Ақ патша көнер болса тiлiмiзге,

Көз салсын бiздiң нашар түрiмiзге

Исламның жолын ашып елдерiне,

Бiр нұқсан келтiрмесiн дiнiмiзге,

Қаралы басымызға жұмыс түссе

Жарасын орыс халқы күнiмiзге – деп көрегендiк көрсетiп тәуелсiздiгiмiздiң зомбылықтың зарымен, желтоқсанның қанымен оралатынына сенiм бiлдiргендей нық сөйлейдi.

Отты ошағымыз Оңтүстiк орақ ауыз қанжар тiлдi арғымақ ақыны Майлықожаның барлық толыққанды шығармаларын бiр мақалада көрсету мүмкiн емес, қиянат та болар. Әрине, ол үшiн сын-сағатта сөз тапқан, қараңғыдан жол тапқан ұлы ұстаз ағаларымыз Әсiлхан Оспанұлы мен Әдiхам Шiлтерхановтың Майлықожа мұраларына сәуле сепкен толыққанды жинақтарымен танысуды оқырман еншiсiне қалдырдық. ?йткенi, Жүсiпбек Аймауытов ақынның ақындығы туылған ойы сыры 93 жасар Түрiкпен, Майлы, Шеңгерей ақындардың асыл сөздерiне жоқ деген сөзi Майлы шығармаларының ғасырдан-ғасырға қол бұлғайтынына жол ашқандай. Сөз соңында,

Ескерткiш қойдық бабаға

Қарап өтсiн қандасым

Майлықожа данаға

Шымқалаға шырай бер

Сезiм сыйла санаға

Рахмет демеушi

Қайсар Қамбар ағаға

Аман Сағын Әбзәрұлы

Кетпедi қаржың далаға

Көнеге қойсақ бiр белгi

Өнеге болды балаға! – дегiм келедi.

Әбдiхалық Әбдiрайымұлы, ақын-сазгер,

"Майлықожа" жүлдесiнiң тұңғыш иегерi

Серіктес жаңалықтары