БҰЛ НЕ, ЖАЛТАҚТЫҚ ПА, ӘЛДЕ НАМЫССЫЗДЫҚ ПА?

БҰЛ НЕ, ЖАЛТАҚТЫҚ ПА, ӘЛДЕ НАМЫССЫЗДЫҚ ПА?

БҰЛ НЕ, ЖАЛТАҚТЫҚ ПА, ӘЛДЕ НАМЫССЫЗДЫҚ ПА?
ашық дереккөзі
469

Немесе 395 жаудың көзiн жойған, мерген Төлеуғали Әбдiбековке Батыр атағы неге берiлмейдi?

Дербес мемлекет болғанымызға он жетi жылдай уақыт өткенiмен қаймана қазақтың жағдайы жақсарып, тұрмысы көркейiп кете қойғаны шамалы. Қазақ елiн мекендейтiн өзге ұлт өкiлдерiмен салыстырғанда өз елi, өз жерiнде тұрып қазақтардың тұрмыс-тiршiлiгi ең төменгi деңгейде. Ата қоныс мекенiнде тұрып өгей баланың өксiктi өмiрiн өткiзiп, келiмсектердiң мазағына айналып күй кешiп жатқан жайы бар.

Осы мемлекеттiң негiзгi иесi қазақты қорғайтындай билiктегiлердiң де ықылас, ниеттерi байқалмайды. Қайта олар қазақтың мүддесiн қорғамақ түгiл тарихын қорлап, халқын тұқыртып, басқалардың басынуына жол берiп отырғандай. Оған дәлел елiмiздiң әр жерiнде болған ұлтаралық қақтығыстар мен қазақтың бүгiнгi әлеуметтiк-тұрмыстық жай күйi. Тiптi, осы елде бiртұтас басқару жүйесi бар екенiне күмән келтiруге болады. Ең жоғары билiктi жүргiзушi Республика Президентi десек, оның да пәрменiне пысқырмайтындар баршылық. Мысалы, Н.Назарбаев: "Абай бiздiң ұлттық ұранымыз болуы керек!" – десе, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының әкiмдерi Абайға әжуа ескерткiш қояды. Сондай-ақ, Қазақстан көлемiнде "Ұлттық ұранымызды халыққа насихаттап, оның ұлағатымен ұрпақ тәрбиелейiк" – деген басшылар да бiрен-саран ғана. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қазақтың басына зобалаң-зұлмат орнатқан тоталитарлық жүйеден қалған "НКВД үйi мен "iшкi түрме"" негiзiнде тарихи мұражай кешенi ұйымдастырылсын деп бекiтiп берсе, Алматы әкiмi аса құнды тарихи жәдiгер iшкi түрменi қиратқызып тастап, "НКВД үйiн" әртүрлi айла-шарғылардың арқасында жеке қолға өткiзiп жiберiп, саяси репрессия мұражайын баспанасыз қалдырады. Тiптi, сол президент аппаратында отырып ел алдында Елбасының абырой-беделiн арттыру үшiн қызмет iстейтiндердiң өздерi, керiсiнше, Президенттiң абыройына нұқсан келтiрiп, беделiн түсiру үшiн астыртын әрекет жасап отығандай әсер қалдырады. Бұлай деуiме жоғарыда айтылғандармен мына жағдай себеп болып отыр.

Елiмiздiң басына түскен аса бiр қатерлi де қаһарлы кезең 1941-45 ж.ж. Ұлы Отан соғысы болды. Сол соғыста қаншама адам ажал құшып, қаншама шаңырақ күйреп едi. Жан берiп, жан алысқан алапат соғыс отыз миллиондай совет адамының өмiрiн жалмап едi. Сол соғыста асқан ерлiктерiмен көзге түсiп, Совет Одағының Батыры деген ең жоғары атаққа ие болғандар да аз болмады. Денгенмен, солақай саясаттың кесiрiнен, өздерiне тиесiлi атақты ала алмағандар да болды. Өзiмiздiң Б.Момышұлы, Р.Қошқарбаев, Қ.Қайсенов, Х.Доспанова, Б.Бейсекбаевтар Қаһарман атақтарына арада көптеген жылдар өткен соң барып қана ие болғандары бәрiмiзге де мәлiм. Сұрапыл соғыста 395 фашистiң көзiн жойған Төлеуғали Әбдiбеков деген қандасымыз да өзiне тиесiлi жоғары атақты ала алмапты. Оған себеп, ағасының 1937-шi жылы "халық жауы" болып жазаланғаны екен. Осы азамат жайлы жағдайдың анығына жетейiн деп Алматыдағы Панфилов дивизиясының мұражайына барып, құжаттармен таныстым. Т.Әбдiбековтың ерлiктерi жайында майдандық газеттерде аз жазылмапты. Ал мергендiк қаруы ҚР-ның Орталық мұражайында сақтаулы екен. Бiрақ, оның 397 жауды жойғандығы туралы ресмит құжат кездестiрмедiм. Сондықтан 2007-шi жылдың қазан айында, ресми анықтама алу үшiн, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлiгiнiң Орталық мұрағатына сұрау салып, осы жылдың наурызының 12-сiнде жауап алдым. Ол жауапта: "Прославленный и непревзойденный снайпер. Хитрый, осторожный, выдержанный, хорошо знающий повадки врага довел свой снайперский счет до 395 уничтоженных гитлеровцев" – дейдi.

Мысал ретiнде Совет Одағының Батырлары: аты аңызға айналған В.Зайцев – 255, Ф.Смолячков – 125 фашистi жойған. Жылда, Жеңiс күнi – 9-шы мамырда, Мамаев қорғанында Зайцевтiң құрметiне салют берiледi.

Осындай деректер анықталған соң, осы жылдың 19-шы наурызында РФ-ның сол кездегi Президентi В.Путинның атына Ресей Федерациясының Батыры атағын (Совет Одағының мұрагерi ретiнде), ҚР-ның Президентi Н.Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы атағын Төлеуғали Әбдiбековке беру туралы ұсыныс жасадым. Бiр жарым айдың iшiнде РФ Президентi аппаратынан жауап алдым. Онда РФ-ның Заңы бойынша РФ-ның Батыры атағын беру үшiн РФ-ның Қорғаныс министрлiгi ұсынуы керек екендiгi айтылып, жiберiлген құжаттарды Қорғаныс министрлiгiне жолданғандарын хабарлапты. Ал мына тұрған өзiмiздiң Астанадан жауап алу қиын болды. Төрт ай өткесiн барып қана ҚР Президентi аппаратынан "Арада алпыс жылдан астам уақыт өткен соң сол кездегi жағдайға дәл баға беру, тиiстi наградалардың не үшiн берiлмегенiн, нелiктен тапсырылмағанын анықтау қиын мәселе. Сұрапыл соғыста жанқиярлық ерлiк көрсеткен жерлестерiмiздiң арасынан бiреулерiн бөле-жара атап көрсету қиын. Өйткенi бұл жағдай соғыс ардагерлерi мен қан майданда қаза тапқан жауынгерлердiң туыстары тарапынан шағым-өтiнiштiң артуына әкелуi мүмкiн" – деген сырғытпа жауап алдым.

Дәл осындай жауапты дайындаған адамды да, осы хатқа қол қойған адамды да "кiм?" деп атауға болады?!

Серіктес жаңалықтары