МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДI ДАМЫТУДЫҢ ПРЕЗИДЕНТТIК ҚОРЫ ҚҰРЫЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДI ДАМЫТУДЫҢ ПРЕЗИДЕНТТIК ҚОРЫ ҚҰРЫЛДЫ

МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДI ДАМЫТУДЫҢ ПРЕЗИДЕНТТIК ҚОРЫ ҚҰРЫЛДЫ
ашық дереккөзі
251

Дәл осы идея айтылғалы бiраз уақыт болғанымен, жүзеге ендi асырылып отыр. "Мемлекеттiк тiл, қазақ тiлiн бiлу — ұлтаралық татулық пен келiсiмнiң ең басты кепiлi" дедi аталған қордың алғашқы жиылысында президент әкiмшiлiгiнiң бөлiм меңгерушiсiнiң орынбасары, Мемлекеттiк тiлдi дамыту президенттiк қорының жетекшiсi Берiк Әбдiғалиев.

"Мемлекеттiк тiл қазiр саясат құралына айналды. Сондықтан, оны бiлмейтiндер үшiн, тiл аса күрделi деген түсiнiк қалыптасты. Ал, бiздiң қордың басты мақсаты тiлге деген қарым-қатынасты өзгерту. Бiз қазақ тiлi қазiргi заман талабына сай болғанын қалаймыз. Үкiметтiң оны жүзеге асыру мақсаты жеткiлiксiз. Сондықтан да Елбасы қоғамдық қор құрды. Оның басты мақсаты — мемлекеттiк тiлдi қолдаудың кең көлемдi коалициясын құру" дедi Берiк Әбдiғалиев.

Сондай-ақ, қордың басты мақсаттарының бiрi — "азаматтық инициативаларды қолдау, жақсы жобаларға байқау жариялап, әртүрлi гранттар бөлiнiп, акциялар, қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылады. Жақсы, ерекше ұсыныстар қаржыландырылатын болады", — дедi Б.Әбдiғалиев. Қор кеңесiне елге танымал қаламгерлер енiп отыр. Мемлекеттiк тiлдi дамытудың президенттiк қоры оралмандарды, шетелдегi қазақ диаспорасын қолдап, оларды әдебиет пен методикалық құралдармен қамтамасыз етудi жоспарлап отыр.

Е. ҚҰМАР

Серіктес жаңалықтары