"The Guardian", Ресей: БIЗ "ҚЫРҒИ-ҚАБАҚ СОҒЫСҚА" ДАЙЫНБЫЗ

"The Guardian", Ресей: БIЗ "ҚЫРҒИ-ҚАБАҚ СОҒЫСҚА" ДАЙЫНБЫЗ

"The Guardian", Ресей: БIЗ "ҚЫРҒИ-ҚАБАҚ СОҒЫСҚА" ДАЙЫНБЫЗ
ашық дереккөзі
279
(Шетел басылымында жарық көрген бұл материал өткен апта мен осы аптадағы Ресей мен Еуропа мемлекеттерi арасындағы текетiрестерге қысқаша көз жүгiртуге көмектеседi.)

Кремль Оңтүстiк Осетия мен Абхазияның тәуелсiздiгiн мойындаған соң кеше Ресейдiң Батыспен арадағы қатынасы көп жылдан кейiн қайта шиеленiсiп кеттi. Президент Дмитрий Медведев, егер өз шешiмi жаңа "қырғи-қабақ" соғыстың туындауына түрткi болатын болса басқа түскендi көрiп алатынын мәлiмдедi.

Сөйтiп Грузиядан бөлiнген қос өңiрдiң егемендiгiн Ресейдiң мойындайтыны туралы қаулыға қол қойып жiбердi. Бұл қадам БҰҰ Қауiпсiздiк кеңесiнiң резолюцияларын тiкелей қорлау және батыстың соңғы үш аптадағы Грузияның аймақтық тұтастығы мен халықаралық шекараны сақтау туралы талабына атүстi қарау болып табылады. Кеше кешкiсiн Медведев Вашингтонды гуманитарлық көмектi бүркемелеп Грузияға қару жеткiзiп жатырсың деп кiнәлады. Қара теңiздегi стратегиялық маңызды өңiрдiң картасын жауып тастайтын Кремьдiң бiржақты шешiмi Батысты таңдандырып әрi үркiтiп жiбердi де, Кавказ дағдарысына кәдiмгiдей салмақ қосты. Мәскеу Еуропа мен АҚШ-ты олар мiндеттi түрде жауап қатуы тиiс ашық белдесуге шақырды. Олар Батыс елдерiнiң Ресейге қатысты саясатындағы дүрдараздық ықтимал шығынды азайтады деп ойлады. Вашингтон бұл шешiмдi сынады. Британия Ресейлiк агрессияға қарсы тұратын Еуропалық коалиция құруды ұсынды. Швеция Ресей батыспен текетiреске түсiретiн жолды таңдап алды десе, халықаралық ұйымдар Медведевтiң әрекетi заңсыз әрi қабылдауға келмейтiн қадам екенiн айтты. "Бiз ештеңеден тайсалмаймыз. Тiптi "қырғи-қабақ соғыс" қаупi де бiздi қорқыта алмайды. Ресей, өзiнiң мүддесiн барлық жағынан қамтамасыз етуi тиiс мемлекет" — дедi Медведев. Елдiң сыртқы iстер министрi Сергей Лавров әскери-әуе күштерi мен әскери-теңiз кемелерiмен Грузияға гуманитарлық көмек тасып жатқан Құрама Штаттарды Грузия президентi Михаил Саакашвилидi ашық қолдағаны үшiн айыптаса, кеше Медведев тiптi бұдан арыға барды. Ол Би-Би-Сиге берген сұхбатында: "Ресей әскерлерi Грузияның Қара теңiздегi порты Потиге баратын жолды бөгемейтiнiн, блокада қойылмайтынын, Американiкi болсын гуманитарлық көмек тиеген кез-келген кеменiң еркiн өте алатынын айтты. Медведев сөз арасында, америкалықтар әрине ол жаққа гуманитарлық жүк емес, қару тасып жатыр деп атап өттi. НАТО-дағы Ресей өкiлi Дмитрий Рогозин қазiргi халықаралық жағдайды 1914 жылғы бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс қарсаңындағы ахуалмен, ал грузин жетекшiсiн Сараевода австро-венгр тағының мұрагерiн атып өлтiрген Гварило Принциппен салыстырды. Ресейдiң қос өңiрдiң тәуелсiздiгiн мойындауы атысты тоқтатуды көздеген келiсiм мен екi апта бұрын Франция президентi Николя Саркозидiң мақұлдауымен қабылданған бейбiт жоспарды да жоққа шығарды. Ресейдiң ымыраласу талаптарын орындаудан бас тартқанына келiспеген Саркози Еуроодақтың кезектен тыс өтетiн екiншi саммитiн шақырды. (Бұл саммитте Ресейге қарсы ешқандай санкция қабылданған жоқ. Авт.). Бiрақ Ресейдiң әрекетiн сынға алып, оны қабылдауға тұрғысыз деген Германия канцлерi Ангела Меркель Мәскеумен арадағы байланысты жалғастыра берудi қалайтынын мәлiмдедi.

Дайындаған Жолымбет МӘКIШЕВ

Серіктес жаңалықтары