ЖЕРДI БАСЫП АЛУДАН ҚОРЫҚПАЙТЫН БОЛДЫ

ЖЕРДI БАСЫП АЛУДАН ҚОРЫҚПАЙТЫН БОЛДЫ

ЖЕРДI БАСЫП АЛУДАН ҚОРЫҚПАЙТЫН БОЛДЫ
ашық дереккөзі
334

Бұған Алатау ауданы әкiмшiлiгi ұйымдастырған рейд барысында көзiмiз жеттi

Алматы қаласында жетiншi аудан – Алатау ауданының құрылғанына да екi айдың жүзi. Жаңа ауданның шекарасы бекiтiлiп, оған қалаға жаңадан енiп жатқан 18 елдiмекен мен шағын аудандар кiрдi. Бүгiнде Алматының iргесiнен қоныс тепкен ауылдардың күрмеуi шешiлмей жатқан мәселеci шашетектен екенi белгiлi.

Жер дауы мәселесi ушыққан аты шулы "Шаңырақтан" өзге бiрнеше шағын аудандардың басына туған жағдай осы. Өйткенi, арнайы құрылған комиссия бiр айдың iшiнде ауданда жер телiмдерiн заңсыз басып алып, өз бетiнше құрылыс салу фактiлерiн анықтап үлгерiптi. Жақында БАҚ өкiлдерi 500-ге жуық заңдастырылмаған құрылыс нысандарын әшкерлеген комиссия жұмысымен Алматы қаласының әкiмiнiң баспасөз қызметi мен Алатау ауданы әкiмшiлiгi ұйымдастырған арнайы рейд барысында куә болды.

Бүгiнде уәкiлеттi органдардан құрылған комиссия Алатау ауданында тұрғызылған баспаналарды есепке алған. Нәтижесiнде аудан көлемiнде жер телiмдерiн заңсыз басып алу деректерi "Қарасу", "Шаңырақ", "Әйгерiм", "Ақбұлақ", "Көкқайнар" елдiмекендерiнде көп тiркелiптi. Бiзге мәлiм болған заңсыз құрылыс нысандарының 1826-сы қаланың қорғалуға тиiстi аймақтарына салынса, 812-сы газ құбырларының үстiне, ал 875-i су қоймалары мен су құбырларының жағасына салынған. Ол аз десеңiз, тарих қойнауына енiп кеткен Сақ қорғандары саябағы маңайынан 22 баспана тұрғызылса, осындағы 15 мыңға жуық жер телiмдерiнiң 3 мыңдайын елiмiздiң әр облысынан келген қара халық басып алған. Табиғаты сұлу, ауасы таза жерден салынған бiр тектес үйлердiң көбiнiң иесi жоқ, қаңырап тұр. Бәлкiм, тегiн жерге үй салып, қымбат бағаға сатқысы келген пысықайлардың әрекетi шығар деген ой келдi. "Бұл маңайда жан тiршiлiк ете ме?" деп аң-таң болған бiз бiр тектес үйлерге жақындадық. Қолдарына камера, диктофондарын ұстаған журналистердi көрiп "Не болып қалды екен?" деп жүректерi шайылып қалған тұрғындар бiзге қарай жақындай бастады. Гүлнәр есiмдi тұрғыннан мән-жайды бiлгiмiз келiп, сұрақты жаудырдық. Сөйтсек, ол еш қымсынбастан: "Алматы облысы, Райымбек ауданынан келiп, өзiмiз басып алдық. Бұл жерге үй салуға болмайтынын бiз бiлдiк. Не iстеймiз? Шиеттей бала-шағамыз бар. Ерiккеннен келгенiмiз жоқ. Өткенде келiп үйiмiздi сүрiп тастаймыз дегенде кешiрiм сұрап, басқа жер табылғанша күте тұруларын өтiндiк. Әлi де болса, әкiмшiлiктен үмiтiмiздi үзгiмiз келмейдi" деп жауап бердi. Адам баласы да қызық. Бұл жерге құрылыс салуға болмайтынын бiле тұра, бастарын қатерге тiгедi. Кешегi "Шаңырақтағы" шайқастың қандай себептермен шыққандығына қанық болса да, осы жолды өздерi таңдауға бел буады. Сонда баспанадан тарығып жүрген кез келген адам өз еркiмен жердi басып ала берсе не болғаны?

Бiр қызығы, алаяқтар осыдан екi жыл бұрын мұндағы тұрғындарға 6, 8 сотық жер телiмiн бар болғаны 60 мың, 100 мың теңгеге сатқан көрiнедi. Ақша қолына тигеннен кейiн, iзiм-ғайым жоғалған алаяқ қулар сол кеткеннен қайта айналып соқпаған. Қолындағы құжаттың жалған екендiгiн кеш бiлiп, бармағын тiстеп қалғандар ендiгi үмiттi аудан әкiмшiлiгiнен күтiп отырғанға ұқсайды.

Ал "Қарасудағы" жеке шаруа қожалығы жерiне заңсыз 48 бiр типтес лашықтар салынған. Үй сыртына "Үй сатылады" деген хабарландырулар үлкен әрiптермен жазылыпты. Бұл үйлердiң иесi кiм? Талай жылға жалға берiлген шаруа қожалығының жерiне үй салуға кiм рұқсат бердi? Содан не керек, әрiптестерiмiздiң бiреуi мән-жайдың анық-қанығына жеткiсi кеп, хабарландыруда жазылған ұялы телефон нөмiрiн терiп, саудаласа бастады. Сөйтсек, шағын ғана екi бөлмеден тұратын (8 сотық жер) лашыққа анау-мынау емес, 20 мың доллар сұрапты. Телефонның арғы жағындағы үйдiң иесi ме, әлде делдал сатушы ма, ол жағы белгiсiз. Әйтеуiр, заңсыз үйден тезiрек құтылуға асыққан ол: "Құжаты түгел, жердiң мемлекеттiк актiсi, тех.құжаты, бәрi-бәрi бар…" деп сайрай жөнелiптi. Алайда, журналисттiң "Сiздiң бұл жерде басқа сататын үйiңiз бар ма?" деген сұрағына "Жоқ" деп жауап бердi. Соған қарағанда, ол сатушымыз сау басына сақина тiлеп алған делдал болғаны ғой деп түйдiк. Ал аудан басшылығы негiзiнен келешекте бұл жерде көпқабатты тұрғын үйлер, тұрмыс қажетiн өтеу ғимараттары бой көтеретiнiн, бұдан былай құрылыс салдырмау үшiн арнайы күзет қойылатынын жеткiздi.

Әкiмшiлiк ұйымдастырған арнайы рейд нәтижесiнде "Әйгерiм" мен "Көкқайнар" елдiмекендерi ортасында газ құбырлары желiсiнiң үстiне заңсыз салынған үйлердiң бар екенiне көзiмiз жеттi. Алматы қаласы Алатау ауданының әкiмiнiң орынбасары Ибрагим Айтқасымов: "Мынау газ құбыры, 50 метр солға, 150 метр оңға болу керек. Бiрақ та халық бұл аумақты сақтамастан басып алған" дейдi. Десе де, бұл жерлерден баспанасын тұрғызып, шаңырақ көтергендердiң iшiнде жер телiмiн кемiнде 5-7 мың долларға сатып алғандар да бар боп шықты. Мысалы, Халелхан есiмдi отағасы "Бiзге жердi әкiмшiлiктен жалған шешiм шығарған құжатпен 6 мың долларға сатты. Әйтеуiр тiрнектеп жүрiп үй салдық. Кем дегенде 15 мың доллар кетiптi. Бес балам бар, ендi бiз не iстеймiз" деп екi оттың арасында қалғанын ендi түсiнгендей болды.

"– Қолда бар деректер бойынша газ құбырының үстiне 1000-ға жуық үй салынған. Бәрiн де қайта тiркеуден өткiземiз. Ал Сақ қорғандарының етегiндегi ел-жұрт судан қорғалатын әрi болашақта бас жоспарға сәйкес демалыс орнына айналатын жерден үй-жай салып алған. Заңсыздықтың бәрi анықталады, тексерiледi. Бiрақ та елдi үркiтпегiнiмiз жөн", – дейдi Алатау ауданы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қайрат Әбдiбеков мырза. "Неге десеңiз, кезiнде билiктiң назарынан тыс қалғандар түрлi себеппен қоныстанып қалды. Сондықтан оларды беталды қуып шыға алмаймыз. Келiссөздер арқылы бейбiт жолмен, адам құқығын, мемлекет құқығын бұзбайтындай етiп шешуге тырысамыз", – дейдi олар.

Естерiңiзге сала кетсек, жақында ғана "Көкқайнар" шағын ауданында заңсыз бой көтерген – 12, "Трудовик" ық¬шам ауданында – 58, "Көкқайнар" ауылында –12 заңсыз тұрғын үй мен 94 құрылыстың iргетасы бұзылған.

Құрамында 15 адамы бар комиссия барлық деректердi жинаған соң, әдiл шешiм шығарамыз деп үмiттендiрiп отыр. Егер де комиссия заңсыздықтарды әшкерлесе, 1 жыл iшiнде заңсыз құрылысты толықтай жоймақ. Алайда, комиссия өкiлдерi "Халықты жылатпаудың амалын қарастырамыз, алаяқтарға сенiп, бос жатқан жердi ақшаға сатып алғандарға өтемақы берiлу жағы да тыс қалмайды" дегендi айтып, арбалып қалған халықты сабырға түсiрдi.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары