АСТАНА МЕН АЛЬЯНС МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

АСТАНА МЕН АЛЬЯНС МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

АСТАНА МЕН АЛЬЯНС МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
ашық дереккөзі
368

Соңғы 15 жылда жақсы жарнамаларымен жарқырап, бәсекелестерiмен тiзе тiресiп келе жатқан Альянс Банкi елiмiздегi ең үздiк банктердiң бестiгiне енедi. Банктiң батыл қадамдары тұтынушыларының сенiмiн ақтап отырғаны да рас. 15 жылдың аясына банк бiраз жетiстiктерiн сыйғызып та үлгердi.

Бизнесте де, маркетинг саласында да өзiнiң сара жолымен 15 жыл сыншылардың сынынан сүрiнiп көрмеген банк бұдан кейiнгi уақытта да талмай жұмыс жасайтындықтарын дәлелдеп келедi. Осы 15 жылдық мерейтой маңызды әрi пайдалы iстерiмен есте қалары сөзсiз. Оның iшiнде қаржылық дағдарысқа табанды төтеп беруi Альянс Банкiнiң елiмiздiң экономикасындағы ерекше орынын аңғартады.

26 қыркүйек күнi Альянс Банкi мен Астана әкiмшiлiгi өзара әрiптестiк жөнiндегi меморандумға қол қойды. Қол қою рәсiмiне банктiң директорлар кеңесiнiң төрағасы Марғұлан Сейсембаев пен Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов қатысты. Банк пен әкiмдiк арасындағы стратегиялық әрiптестiктi жандандыруды көздеген құжатта Астана қаласындағы бюджеттiк кәсiпорындар мен мекемелерге қаржылық операциялар жүргiзуге қолғабыс жасалатыны, шағын және орта бизнес кәсiпорындарын қаржыландыру мөлшерi ұлғаятыны туралы айтылған. Экономиканың тiрегi, оның тұрақтылығының кепiлi — шағын және орта бизнестi ары қарай дамытуға меморандум үлкен мүмкiндiк беретiн болды. Бұл құжат сонымен бiрге қызмет көрсету нарығын кеңейтуге де жол ашады. Осы және тағы басқа да себептерiн ескере отырып, банктiң бүгiнгi қадамын құп көрген Иманғали Тасмағамбетов: “Жергiлiктi экономикалық көрсеткiштер мен салық түсiмдерiнiң ауқымы бизнес секторының қаншалықты етек жайғандығына байланысты” — деп атап көрсеттi. Ал Альянс Банкiнiң директорлар кеңесiнiң төрағасы Марғұлан Сейсембаев:

“Бiздiң 2 миллионнан астам клиентiмiздiң 150 мыңнан астамы Елордада тұрады. Бiз үшiн Астананың орны бөлек, өйткенi ол — Отанымыздың жүрегi. Бүгiнгi таңда қалада банктiң 92 банкоматы мен 32 POS — терминалы жұмыс iстеп тұр. Бiз олардың қатарын көбейтiп, қаланың қаржылық-банктiк инфрақұрылымын дамытуды көздеп отырмыз. Ал меморандум бұрыннан жүргiзiлiп келе жатқан жұмысты жандандыра түсуге мүмкiндiк бередi”, — дедi нық сенiммен. Сол сенiмнiң жемiсiн көретiн күндер де алыста емес сияқты.

Манар ӘЛИЕВА

Серіктес жаңалықтары