Орта кәсіпкерліктің айы оңынан туса ...

Орта кәсіпкерліктің айы оңынан туса ...

Орта  кәсіпкерліктің  айы  оңынан  туса ...
ашық дереккөзі
183

Жаhандық экономиканың заманауи жағдайында шағын бизнесті оның ішінде жастар кәсіпкерлігін дамытуға әлемде ерекше мән беріледі. Дамушы елдерде шағын бизнес жаңа жұмыс орындарын ашу, нарықты отандық сапалы тауарлармен жəне қызметтермен толықтыруға, әрі бағасын төмендетуге және жалпы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту тұрғысында маңызды орынға ие.

Сондықтан еліміз үшін шағын бизнесті дамыту – ең басты міндеттердің бірі.

Қазақстан «Бизнесті жүргізу – 2012 (Doing Business)» рейтингінде 47-орынды иеленді. Қазақстанның инновациялық әлеуетінің бәсекеге қабілеттілігі 183 елдің арасында Дүниежүзілік Банктің бағалауы бойынша орта деңгейден төмен. Қазақстан экономикасы үшін үздік технологияларды пайдаланудың жеткіліксіздігі, басқарушылық тәжірибесінің төмен деңгейі, менеджерлердің басым көпшілігінің техникалық дағдысының шектеулілігі, қаржы ресурстарының қолжетімсіздігі және түрлі әкімшілік кедергілермен сипатталады.

Ұлттық экономиканың болашақтағы негізгі міндеттері инновациялық-технологиялық саясатты іске асыру, адами капиталды, шағын және орта бизнесті дамыту болып табылатындықтан, тез өзгермелі әлемде стратегиялық басымдықтар адами капиталды, сондай-ақ негізі жастар болып табылатын дамудың инновациялық әлеуетті тиімді жинақтап және өнімді пайдалана алатын мемлекеттерде ғана болатынын сенімді түрде айғақтап берді.

Әлемдік тәжірибе жастар шағын және орта бизнестің, оның ішінде инновациялық бизнестің негізгі қозғаушы күші болып табылатынын және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты рөл ойнайтынын көрсетті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында атап өткеніндей, «жастар практикасын ұйымдастыру тәртібімен, жас мамандар үшін жұмыспен қамтылуы кепілдіктері және әлеуметтік пакет туралы құқықтық норма қажет», «басқару жүйесі үкіметтік емес ұйымдармен әріптестік қағидаттарының негізінде жұмыс істеуі қажет».

Мемлекет басшысының 2020 жылы экономиканың жалпы құрылымындағы шағын және орта бизнестің (ШОБ) үлесін 40 пайызға дейін ұлғайту жөніндегі міндеттемесін орындауда ауқымды әлеуметтік-экономикалық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруда жастардың рөлі мен қатысуы ерекше маңызға ие.

Мемлекет экономиканы тұрақтандырудың негізгі бағыты ретінде кәсіпкер­лікті дамытуға барынша қолдау көрсетіп отыр.

Қазіргі күні Кеден одағы, Біртұтас экономикалық кеңістік сияқты ұйымдардың құрылуы және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі кезеңінде елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ерекше маңызға ие екені анық.

Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен бәсе­ке­лестік тудырып қана қоймай, мол мүмкіндіктерге жол ашады.

Осы мүмкіндіктерді пайдалану және міндетті орындауда жас кәсіпкерлердің алатын өзіндік орны бар деп санаймын. Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Назарбаевтың 2012 жылдың 16 қарашасында «Жас Отан» Жастар қанатының II съезінде сөйлеген сөзінде индустриалды-инновациялық дамытудың міндеттерін жүзеге асыруға жастарды тарту керектігін, ал кез келген ірі кәсіпорын, бизнестің жол картасына, индустрияландырудың мемлекеттік бағдарламасына қатысушылар жастарды жұмысқа орналастыру және оқыту бойынша квотасының болуын айтты. Сондай-ақ Елбасы министрліктер мен әкімдіктердің стратегиялық жоспарларында жастармен жұмыс жасау бойынша индикаторларын енгізу қажеттілігін атап өтті.

Елбасы Н.Назарбаев 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан–2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында ауқымды міндеттерді жүзеге асыруда жастардың орны ерекше екендігіне және ұлттық экономиканың жетекші күшін – кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау керектігін назар аударды.

Өз баяндамасында Елбасы бүгінгі күннің міндеті – ұсақ кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлерді орта деңгейге көшіру үшін жағдай және алғышарттар қалыптастыру екендігін атап өтті.

Сондай-ақ 2020 жылға дейінгі жастар саясаты тұжырымдамасының жобасында үдемелі индустриалды-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы, жол картасы, бағдарламалар мен әрекеттер жоспарларын жүзеге асыру шеңберінде жастар саясатына жәрдемдесетін шараларды әзірлеуге көңіл аударылды.

Ұзақ мерзімді міндеттерді шешу ұрпақтар арасындағы конструктивті өзара әрекеттестікке, қоғам алдында тұрған міндеттерді жалпы ұғынудың эволюциясына тығыз байланысты. Болашақта Қазақстан Республикасының ұстанымын қаншалықты тиімді қорғай алатыны, жастардың іскерлік, кәсіпкерлік және инновациялық белсенділіктеріне тәуелді болады.

Қазақстанда инновациялық қызмет дамып келеді және экономикалық өсудің және еңбек өнімділігінің артуының жетекші факторы болуға ұмтылуда. Осыған орай, жастардың инновациялық көзқарасына және жастар кәсіпкерлігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Бұл мәселе мемлекеттің, жастар қауымдастығы мен бизнестің өзара байланыстарында маңызды болуы қажет.

Қазақстанға бизнесті дамытуға қабілетті және дайын жоғары білікті менеджерлер керек. Жастар үшін қазақстандық бизнес – бұл болашағы бар бағыт, қарқынды дамып жатқан сала, онда инновациялы шешімдерді ендіру өзекті болып табылады. Инновация үшін Қазақстанда ғылыми-әдістемелік те, адами және шығармашылық әлеуеттер барлық қажетті ресурстар бар.

Жастар кәсіпкерлігін дамытуды жекелей түрде мемлекет саясатында толыққанды атап өту қажет. Бұл жерде жастар үшін жеке ісін жүзеге асыру кезінде өзін көрсетуге мүмкіндіктерді кеңейту ғана емес, ол жастардың, кәсіпкерліктің, білім мен инновацияның дамуының арасындағы орталықтандыру туралы идеологияны құру болып табылады.

Экономикалық белсенді халықтың кәсіпкерлік қызметпен 60-70 пайызға дейін айналысу үлесін арттыру жөніндегі міндет ел халқының анағұрлым белсенді және іскер бөлігі ретінде жастардың оған белсенді түрде қатысуынсыз шешілмейді.

Қоғам сәтті және тұрақты жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, қолданыстағы мемлекеттік саясатты, бағдарламаларды және заңнамаларды оңтайландыру мен үйлестіруге ықпал етуге ұмтылуы қажет.

Мемлекеттік және жеке меншік құрылымдары тетіктерін назарға ала отырып, кәсіпкерлердің жаңа буынының сәтті өсуі үшін қоғамда оларға мүмкіндіктер жасау маңызды. Бұл талантты және белсенді жастардың кәсіпкерлік, ұйымдастырушылық қабілеттері мен көшбасшылық қасиеттері арқылы жүзеге асуы мүмкін. Бұл ретте жас кәсіпкерлер мемлекетшіл, парасатты, салауатты, жаңашыл, іскерлік мәдениетінің деңгейі жоғары болуы қажет.

Қазіргі таңда, Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығы Қазақстанның 2020 жылға дейінгі жастар кәсіпкерлігін дамыту стратегиясын әзірледі. Стратегия сәтті және тұрақты жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға, қолданыстағы мемлекеттік саясатты, бағдарламаларды және заңнамаларды оңтайландыру мен үйлестіруге, жастар арасында кәсіпкерлікті насихаттауды және жастар кәсіпкерлігі саласындағы күрмеуі қиын мәселелерді анықтап, оларды шешуді және дамытуды қарастырады.

Елбасы міндеттерін жүзеге асыруда бірінші кезекте жастар кәсіпкерлiгінің тиiмдi жүйесiн құру үшін жас кәсіпкер мәртебесін заңнамалық деңгейде бекіту арқылы нормативті-құқықтық базаны пысықтау қажет. «Жас кәсіпкер», «жастар кәсіпкерлігі», «жас фермер» және басқада ұғымдарды анықтау керек және шетелдік тәжірибелерге сәйкес, 35 жас ретінде жастық шектеу белгілеуді және осының негізінде жас кәсіпкерлер қызметін дамытуда ынталандырушы сипатқа ие барлық қолдаулардың кешенді шаралар жиынтығын анықтап көрсеткен орынды.

Мемлекет жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту, өзара әрекеттестіктің қосымша нысандары мен тетіктерін жасау бойынша бастама көтеріп, жастардың іскерлік белсенділігін арттыруға, жағдай туғызып, бизнес пен даму институттарының бірігуінің өзектілігі не қатысты іс-шараларды атқаруы қажет.

Мақсат ҚОЖАМБЕК,

Қазақстанның жас кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы

Серіктес жаңалықтары