Қазақ пен түрік жақындаса түспек

Қазақ пен түрік жақындаса түспек

Қазақ пен түрік  жақындаса түспек
ашық дереккөзі
427

Жуырда Алматы қаласында Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті жанындағы Еуразия ғылыми зерттеу институтының ұйымдастыруымен екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды сарапқа салған алқалы мәжіліс болып өтті.

Жиынның ашылуында сөйлеген институт директоры доктор Мурат Чемрек Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Түркияға жасаған кейінгі іссапары экономикалық қарым-қатынасқа жаңаша серпін бергенін атап өтіп, болашақта экономикадан басқа да салаларға баса мән беру қажеттігін алға тартты. Қазақ-түрік іскерлер одағының бас хатшысы Омер Ялчынкая Орта Азиядағы экономикалық даму жөнінен алдыңғы орында тұрған Қазақстанның 1992 жылдан бергі өрлеу сатыларына шолу жасап, мемлекет дамуына екі елдің іскер азаматтарының қосқан үлестеріне тоқталды. Түркия республикасының Қазақ­стан республикасындағы елшілігі Алматы Басконсулдығының сауда атташелері Осман Елгүн, Дервиш Ендер, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-президенті Илхами Вурал, т.б. тұлғалар сауда-саттық байланысының өзекті мәселелерін талқылады. Жиын соңында Қазақстан жоғары оқу орындарының докторанттары мен БАҚ өкілдері өз ойларымен бөлісті.

Шарафат Жылқыбаева

Серіктес жаңалықтары