Түркістан үшін туғандай перзент

Түркістан үшін туғандай перзент

Түркістан үшін туғандай перзент
ашық дереккөзі
254

Сыртта жүр едім. Түркістаннан жайсыз хабар жетті. Мұса қайтыпты. Әшекеңнің ұлы! Анасы жағынан туыс, жасы қарайлас осы азамат менің Алматыда демікпеден қысылғанымды көріп, аядай көзі шарасынан шыға сап, «Оңтүстікке…» онда да, туған Түркістаныма оралуыма ықпал етіп еді. Көзі ашық, көңілі ояу – жан-дүниесі кең азамат. Тар дүниені осындай азамат кеңітер-ақ дейтінмін. Түркістанның ішінде де, тысында да өз ойы, өз сөзі – бар, соны бүкпесіз айтатын Мұса!

Мені сүйрелеп жүріп Облыстық мәслихатқа түсірді. Бас сейіс — өзі. Келер жолы өзі түсті. Мен қасынан табылдым. Лайықты азамат. «Лайықты азамат» өтпейтін әдет бізде. Дауыс салған жәшікті тапа-тал түсте бір мардам қолтығына қысты да тайып тұрды… Айран-асыр қалдық. Жетектесіп қайттық. Бізді қинағаны – депутаттыққа өтпегеніміз емес. Ық жағымыздан жүре алмайтын азаматтар жел жағымыздан жүріп, тіпті желіп өтті.

«Ақ жол» партиясының Түркістан филиалын басқарды. Мүшелікке өткім келген. «Өткізбеді». «Менің ауру тапқаным жетеді…», – деді жұмбақ қана.

Қызметімізді атқарып жүріп жаттық.

Екеумізде бір ортақ ой – «Түркістан қайтсе өз биігіне көтеріледі? Біз баба Түркістан үшін не істей аламыз?»

Тарихын танып, қадірін біліп, Түркістан үшін алғаусыз махаббатпен аяусыз еңбек еткен аяулы дос, бүгін жоқсың.

Түйесінің жүгі аумалы кезеңдерді бастан кешіп өтіп келеді қазақ қоғамы. Міне, осындай кезде сен, сенің әділет сөзің керек еді халыққа. Әттең. Хош, дос!

Құлбек Ергөбек

Серіктес жаңалықтары