Қара күшін сынаған қаржы полицейлері

Қара күшін сынаған қаржы полицейлері

Қара күшін сынаған қаржы полицейлері
ашық дереккөзі
374

Наурыздың алғашқы күндері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «2050-Стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» халыққа Жолдауының «Ұлттың денсаулығы – жемісті болашағымыздың негізі» бағытын жүзеге асыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі бекіткен жоспарға сәйкес Тараз қаласында самбодан Агенттіктің оңтүстік өңірдегі департаменттері – Алматы қаласы, Алматы облысы, Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстары қызметкерлері қатысқан турнир өткізілді.

Кілемдегі белдесулер барысында ешкімге дес бермеген қаржы полициясы Алматы қаласы бойынша Департаментінің палуандары жалпы командалық бірінші орынды иеленді. 8 салмақ дәрежесінде департамент қызметкерлері 3 бірінші орынды, 4 екінші орынды және 1 үшінші орынды қанжығаларына байлады.

Екінші орынды Оңтүстік Қазақстан облысының палуандары иеленсе, Жамбыл облысының командасы үшінші орынға табан тіреді.

Бүгінде турнир жеңімпазы Алматы қаласы қаржы полициясының командасы үстіміздегі жылғы 17 наурызда Астана қаласында өтетін турнирдің екінші кезеңіне дайындалу үстінде. Бұл турнирде аймақтардағы турнирлерде жеңіске жеткен департаменттер палуандары белдесетін болады..

Алматы қаласы қаржы полициясы департаментінің осы турнирге қатысқан қызметкерлері Департамент бастығы Әмірхан Аманбаевтың бұйрығымен ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Қайрат Матреков

Алматы қаласы

Серіктес жаңалықтары