«ЭЙР АСТАНА» МЕН TURKISH AIRLINES ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА НИЕТТІ

«ЭЙР АСТАНА» МЕН TURKISH AIRLINES ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА НИЕТТІ

«ЭЙР АСТАНА» МЕН TURKISH AIRLINES ЫНТЫМАҚТАСТЫҚҚА НИЕТТІ
ашық дереккөзі
235

Skytrax агенттігінің жүлделерімен марапатталған Еуропа мен Орталық Азияның екі әуекомпаниясы өзара тиімді коммерциялық ынтымақтастық орнатуға ниетті. Мұның дәлелі ретінде, жақында «Эйр Астана» әуекомпаниясы мен Turkish Airlines Қазақстан мен Түркия арасында қос тасымалдаушы орындайтын рейстер бойынша кодшеринг келісімін қамтитын жан-жақты ынтымақтастыққа алғашқы қадам жасады. Бұл хатқа «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фос­тер және философия ғылымдарының докторы, Turkish Airlines президенті және бас директоры Темель Котиль Ыстамбұлда қол қойды. Алматы – Ыстамбұл және Астана – Ыстамбұл бағытындағы кодшеринг Алматы, Астана және Ыстамбұлдағы тиісті әуежайлардан бас­талатын маршруттар бойынша арнайы прорейттік келісімді қамтиды.

«Turkish Airlines компаниясының Ыстам­бұл­дағы Ататүрік атындағы халықаралық әуе­жай­ын­дағы орталығы тұтынушыларға жан-жақты әуе бағыттарын таңдау мүмкіндігін береді. Біздің жолаушыларымыз саяхатты өз ыңғайларына икемдеп жоспарлай алады және кодшеринг арқылы атқарылатын бірлескен рейстер қызметін пайдалану құқығы бар. Осының арқасында жолаушыларымызға Skytrax агенттігімен Еуропаның үздік әуекомпаниясы және Орталық Азия мен Үндістанның үздік әуекомпаниясы деп танылған қос әуекомпанияның қызметін пайдалану қолжетімді болады», – деді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.

«Біз «Эйр Астанамен» кодшеринг келісімін жасау туралы хатқа қол қоюға өте ықыластымыз, себебі біз екі әуекомпанияның кең маршруттық желісі арқылы жолаушылардың туристік мүмкіндіктерін барынша кеңейту мақсатында әріптестік қатынастарды жақсартуға талаптанамыз. Заманауи әуепаркін иемденіп және жоғары деңгейде қызмет көрсету арқылы «Эйр Астана» қарқынды дамып келеді. Біз бірлесе отырып, өз тұтынушыларымызға екі әуекомпанияның үздік түйісулерін ұсынамыз. «Эйр Астана» АҚ-мен әріптестік коммерциялық тұрғыдан және техникалық ынтымақтастық пен қызметкерлерді дайындау мәселелерінде екі тарапқа пайдалы болатынына сенімдіміз», – деді Turkish Airlines бас директоры Темель Котиль.

Келісім 2013 жылдың мамыр айында өз күшіне енеді.

Дана БЕКТАСОВА

Серіктес жаңалықтары