Жалған диплом жасағандар

Жалған диплом жасағандар

Жалған диплом жасағандар
ашық дереккөзі
366

Оңтүстікте «Жастар тәжірибесіне» жолдама алу үшін жалған құжаттар өткізген пысықайлар анықталды. Олар тіпті дипломдарды да қолдан жасап келіпті. Ал құжаттары сырттай қабылданған азаматтар өздерінің бағдарлама қатысушысы екендіктерін орган қызметкерлерінен естіген. Бұл туралы таяуда Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратура өкілдері мәлім етті.

Жалпы, республика бойынша бұл мақсатқа қаралған қаражаттың қомақтысы оңтүстік облыстың еншісіне тиесілі. Мәселен, былтырғы жылы республикалық қазынадан осы мақсатқа 46,5 миллиард теңге бөлінсе, оның 40 пайызы ОҚО-ның бюджетіне келіп түскен. Алайда атқарылған жұмыстардың көрсеткіші қомақты қаржыға сәйкес келмей отыр. Бүгінде облыс бойынша әлеуметтік көмек алушылар қатары 18 мыңды құраса, оның 5 мыңнан астамы жұмысқа қабілеттілердің санатында. Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасы былтырғы жылы олардың небәрі 1 мыңын ғана бағдарламаға қатыстырып, 892-сін жұмыспен қамтыған. Таяуда, жұмыспен қамту барысына тексеру жүргізген прокуратура өкілдері көптеген заң бұзушылықтар мен қылмыстардың да бетін ашты.

Қадағалаушы орган былтырғы жылы басқарма мен бағдарлама қатысушылары арасында жасалған 25 әлеуметтік келісімшарттың жалған екенін анықтаған. Соңғы тексерулер нәтижесі дәл осындай екіжақты келісімшарттардың 166-сы жалған екенін көрсетті. Сонымен қатар кәсіптік оқыту мен біліктілікті арттыру бойынша жасалып жатқан шаралардан да пәлендей нәтиже болмай тұр. Мәселен, бір ғана Кентау қаласы бойынша 4 мамандықпен 100 адам қайта даярлықтан өткенімен олардың біреуіне де жұмыс табылмаған. Бұл сала мамандарының еңбек нарығын қаншалықты зерттеп-зерделейтінінен хабар берсе керек. Сорақысы сол, басқарма тіпті жұмысы бар азаматтармен де екі жақты әлеуметтік келісімшарттар түзіпті. Ал бұл заңға қайшы келетін әрекет. Жұмыспен қамтушылардың ізіне түскен қадағалау органы осылайша «жоспарды асыра орындадық» деп жылдық есебін «әдемілеп» берген басқарманың былтырғы жұмысының былықтарын ашып берді. «Мемлекет қаржысын оңды-солды жұмсағандарға тиісті шаралар көрілетін болады», – дейді прокурорлар.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Оңтүстік Қазақстан облысы

Серіктес жаңалықтары