НАУРЫЗДЫ БІР АЙ ТОЙЛАМАҚ

НАУРЫЗДЫ БІР АЙ ТОЙЛАМАҚ

НАУРЫЗДЫ БІР АЙ ТОЙЛАМАҚ
ашық дереккөзі
409

Халқымыздың төл мерекесі – Ұлыстың ұлы күні Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде де тойланды. Биылғы жаңа жыл өзгеше сипатта, ерекше үлгіде атап өтілді.

Бұл мерекелік шараның басты мақсаты – көнеден келе жатқан Наурыз дәстүрін заманауи ғұрыптармен жаңғырту. 14 наурыздан бастау алған Наурыз мерекесі сәуірге дейін жалғаспақ. Әрбір шараға өзіндік атау қойылды. Мәселен, «Көктем шапағаты» атымен кампус ұжымы және студенттер ардагерлер мен балалар үйіндегі қарияларды, балаларды құттықтап, қамқорлық көрсетіп, қайырымдылық акциясын өткізді. Сондай-ақ университет маңайы мен қала аумақтарында сенбіліктер ұйымдастырылды. «Береке» айдарымен көрмелер қойылса, «Жігер» шарасы бойынша жатақханалар этно-мәдени шараларға қатысты. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Гүлнар Сәрсенбекова шараға 500-ден астам студент жұмылдырылғанын айтты.

Ал 21 наурызда «Қош келдің, әз Наурыз!» атты театрландырылған қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Оған Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері қатысты. Мереке барысында 7 этно-мәдени орталық өкілдері атсалысып, спорттың 5 түрінен жарыстар өтті. Бұл мерекерлік шаралардың басы-қасында жүрген тәрбие бөлімінің бас маманы Сая Рымғалиқызы: «Мерекенің ерекшеліктерінің бірі – студенттер шығармашылығы көрмесін аштық. Олар өз қолымен түрлі-түсті қағаздан гүлдер аллеясын ашты», – деді.

Серіктес жаңалықтары