АРДАГЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН КЕШ

АРДАГЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН КЕШ

АРДАГЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН КЕШ
ашық дереккөзі
203

Жақында этногроф, зерттеуші ғалым Тынышбек Майлыбайұлы Дайрабайдың жетпіс жасқа толуына орай, Сыр елінің бірқатар аудандарының мектептерінде «Т.Дайрабай шығармашылығы» хақында қазақ әдебиетінен арнайы пән сабағы өтті. Қызылорда облысы, Жалағаш ауданындағы №117 «Мақпалкөл», №119 «Жаңаталап», №188 «Аққыз» және Қызылорда қаласындағы №39 «Қызылөзек» мектептерінде өткен әдебиет са­бақтарында этнограф, зерттеуші ғалымның шығармашылығы сөз болды. Оқушылар ұялы телефон және интернет желілері арқылы ға­лымға өз сауалдарын қойды.

Сырдария аудан­дық орталық кітапханасында және ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» бөлімінде оқырмандар ұсынысымен «Алтын қазынаны жинақтаушы қаламгер Тынышбек Дайрабай – 70 жаста» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуде студенттер Дәулет Белгібаев пен Асылбек Жұмағазиев ғалымға арналған өз өлеңдерін оқыды. Оқушылар конференциясын Мәдина Қуандықова жүргізді. Ұлттық кітапхана директорының орынбасары ардагерге құттықтау хатын тапсырды.

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары