30 мың ота жасаған...

30 мың ота жасаған...

30 мың ота жасаған...
ашық дереккөзі
409

Дәрігердің – қолы алтын, жүрегі кішіпейіл болуы керек. Осы қасиетті қоса меңгерген Нұртас Қазыбаев көзі тірісінде талай жанның өмірін сақтап қалды. Биыл Қазақстан президенті іс басқармасы жанындағы орталық клиникалық ауруханада хирург дәрігерге тақтайша орнатылып, ас берілді.

Жазушы, белгілі журналист Кәкімжан Қазыбаевтың отбасында дүниеге келген дәрігер медициналық институтты бітірген соң, Мәскеу қаласындағы Вишневский атындағы хирургия институтының ординатурасына жіберіледі. Медицина саласында 30 жыл еңбек етіп, осы жылдар ішінде 30 мыңнан астам ота жасап, 5 мыңға жуық адамды ажалдан құтқарып қалды. Ол дәрігерлік қызмет атқарған орталық клиникалық ауруханада Хирургия орталығын ашты. Әріптесі, балалар хирургі Камал Ормантаев: «Хирург Қазыбаевтың кәсіби біліктілігі мен адамгершілігі ауыр халде жатқан науқастардың соңғы үмітіне айналды. Оның жасаған оталарының саны орташа статистикалық хирург орындайтын оталар санынан айтарлықтай жоғары», – деп еске алды. Тақтайшаның орнату рәсімінде марқұмның анасы, туыстары мен әріптестері естеліктер мен медицина саласына қосқан үлесін жеткізді.

А.ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары