Шығыс ойшылдары және бүгінгі әдебиет

Шығыс ойшылдары және бүгінгі әдебиет

Шығыс ойшылдары және бүгінгі әдебиет
ашық дереккөзі
805

Көне тарихтың куәсіндей бізге ежелгі заманнан жеткен әдеби жәдігерлерді зерттеп, олардың ішінен інжу-маржан, асылдарын сұрыптап ала білу, сан ғасырлар бойы халық даналығы тудырған асыл қазынаны бүгінгі қоғамдық ой-сананы қайта құрып жатқан егеменді еліміздің игілігіне айналдыру – қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілердің төл міндеті болып табылады. Осындай мақсатта жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен Республикалық кітап музейі ұйымдастыруымен «Шығыс ойшылдары және бүгінгі әдебиет» атты ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияда университеттің «Филология, әдебиеттану және әлем тілдері» факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы Қансейіт Әбдезұлы ашып, «Шығыс ойшылдары және бүгінгі әдебиет» атты баяндама жасады. Одан кейін залдағы жиналған студенттер мен зиялы қауым өкілдерімен ой бөліскен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі, жазушы – Нұрдәулет Ақыш «Шығыс жұлдыздары және қазіргі қазақ поэзиясы», «Дулати» халықаралық қорының президенті Мұхтар Қазыбек – Мұхамед Хайдар Дулати туралы «Ғұлама ғалым», жазушы-философ, аудармашы, халықаралық «Диалог Еуразия» платформасының Қазақстандағы өкілі – Мәлік Отарбаев «Түркі ойшылдары және бүгінгі әдебиет», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің ғылыми хатшысы – Нұрлан Сағындықов «Қожа Ахмет Яссауи» атты тартымды баяндамалар оқыды. Студенттер Тұрсынбек Башаров, Бейімбет Арман, Абылай Жұмалиев, Сержан Мұхтар шығыс ғұламаларына арнап шығарған өлеңдерін оқып, жырдан шашу шашты.«Шығыс ойшылдарының кітаптары – қазақ тілінде» атты баяндама жасаған республикалық кітап музейінің директоры, академик, жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы конференцияға белсене қатысушыларға өз кітабын сыйға тартты.

Баяндамашылар атақты ғұламалар шығармаларының басым көпшілігі әлі шет тілінен аударылмай, зерттелмей жатқандығын, оларды іздестіру, жарыққа шығару, халықтың игілігіне айналдыру – болашақтың кезек күттірмес міндеттерінің бірі екендігін атап айтты.

Гүлжанат Әшімова,

Республикалық Кітап музейінің аға ғылыми қызметкері

Серіктес жаңалықтары