САПАЛЫ БІЛІМ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
САПАЛЫ БІЛІМ – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ
Әне-міне дегенше, оқу жылы да тәмамдалып келеді. Бұл мектеп түлектерінің көңілі күпті, ойы сан-саққа жүгіретін шақ. Болашақта өз ісінің майталманы болғысы келетін жастар оқу орнын таңдауға мүмкіндігі бар. Сондай жастардың таңдауы еліміздегі белді білім ордаларының қатарына кіретін – Қазақ-Америка университетіне түсіп жататыны белгілі.
Оқу орны қазіргі талапқа сай, қазақ және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін мамандарды дайындайды. 2011 жылы ҚАУ АҚШ білім беру, технологиялар, халықаралық Альянстың мүшесі ретінде танылды. ҚАУ сапалы білім алу үшін барлық мүмкіндіктерді ұсынады. Мұнда шетелдің және Қазақстанның білікті мамандары Summer Camp және басқа да әртүрлі бағдарламалар бойынша оқытады. Студенттердің АҚШ-та білімін жетілдіруіне де жағдай жасалған. Жаңа заманауи кітапхана мен оқу залы, дәрісханалар мен зертханалар, интернетпен қамтамасыз етілген компьютерлік сыныптар, шет тілдерін меңгеруге арналған лингвистикалық орталық қызметін аямайды. Оқу орнына түскен жастар жатақханада тегін тұрып, ең беделді компанияларда тәжірибеден өтеді. Бұл олардың жұмыс көзін табуына ашылған айқара жол. Әрі демеушілік гранттарға қол жеткізіп, ішкі шәкіртақы мен арнайы жеңілдіктерге ие болады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде білім беретін ҚАУ күндізгі, сырттай және қысқартылған оқыту бойынша студенттерді «Экономика және құқық факультеті», «Жалпы білім беру факультеті», «Қолданбалы ғылымдар факультеті» мамандығына қабылдайды. Сондай-ақ ҚАУ жанында Алматы байланыс колледжі бар.
«Түркістан-ақпарат»