ТЕРГЕУШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
ТЕРГЕУШІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ
Өткен аптада құқық қорғау органдарында ең байыпты және зиялы болып саналатын тергеу қызметі 50 жылдық мерейтойын атап өтті. Құқық қорғау саласындағы Министрліктер, Агенттіктер және басқа ведомстволар кәсіби мерекеге орай салтанатты шаралар ұйымдастырған болатын.
Сондай жиынның бірі Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (ЭСЖҚД) (қаржы полициясында) шара өтті.
Салтанатты жиынды ашқан Департамент бастығы Ә. Аманбаев ведомства қызметкерлерін кәсіптік мерекелерімен құттықтады. Департамент бастығы өз сөзінде тергеушінің кәсібі – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғаудың көне мемлекеттік институттарының бірі болып табылатындығын, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қоғамдағы құқықтық мәдениетті тәрбиелеу сияқты маңызды міндеттерді атқаратындығын айқындады.
Бұл күні Агенттік Төрағасы Рашид Түсіпбековтің құқығымен, Қ.Әлібәев пен А. Аманғалиеваға мерзімінен бұрын қаржы полициясының подполковнигі шені берілді, сондай-ақ 2-дәрежелі «Қаржы полициясының үздігі» төсбелгісімен қаржы полициясының капитаны тергеу бөлім бастығы Е.Валиев марапатталды.
Сонымен қатар, Департамент бастығы өзінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал орындағаны және қызметте жоғарғы нәтижелер көрсеткені үшін тергеу бөлімшелерінің бірқатар қызметкерлерін марапаттады.
Сондай-ақ, өткен жылғы жұмыстың қорытындысы бойынша Департаменттің бастығы тергеу бөлімшелерінің қызметкерлері Р.Махаевты «Үздік тергеуші» С.Қондыбаевты «Тәжірибелі тергеуші» және Ж.Нашралиеваны «Болашағы мол тергеуші» дипломдарымен марапаттады.
Алматы